бақша немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр» , – деді» , –
деген
1
.
Қабір азабының бар екендігіне Құран мен сүннеттен дәлелдер Қабір азабы туралы Құран Кәрімде бірнеше рет айтылған.
Мысалы, Аллаһ тағала:
« (Мұхаммед!)
Залымдарды қалай өлім қинап жатқанын, періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаһ тағалаға қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсінгендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар», – дегенді бір көрсең ғой» 2 , – деген.
Әрине, бұл залымдарға өлер шағында айтылған сөз, әлбетте
олар сол мезеттерде ауыр азаптармен жазаланады. Егер бұл
азаптар бұ дүниемен қоштасар сәтте емес, кешігіңкіреп келсе,
онда оларға «Бүгін жазаланасыңдар» деп айту дұрыс болмас еді,
яғни залымдар өлер алдында-ақ жазалана бастайды.
Аллаһ тағала:
«Олар ертелі-кеш отқа ұсынылады, Қиямет- қайым болған күні: «Перғауындықтарды азаптың ең қаттысына кіргізіңдер» дейміз» 3 , – деп екі дүниенің де азабын
ашық айтқан.
Аллаһ тағала тағы бір аятта:
« (Мұхаммед!)
Енді оларды жоқ болатын күндеріне жолыққандарына дейін қойып қой. Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді әрі оларға көмек те етілмейді. Күдіксіз ондай залымдарға одан өзге де азап бар, бірақ олардың көбі түсінбейді» 4 , – дейді.
Міне, бұл олардың бұ дүниеде соғыста өлтіріліп азапқа
ұшырайтынын меңзейтін сияқты, ал олардың барзахта азап
шегетіні тіпті анығырақ айтылған, себебі, олардың көбі бұ
дүниеде тауқымет көрген жоқ. Сондай-ақ бұл көзқарас-пікір
жалпы дұрыс деп айтылады. Әлбетте, залым, кәпір адам өлсе, ол
1
Әт-Табарани.
2
«Әнғам» сүресі, 93-аят.
3
«Ғафыр» сүресі, 46-аят.
4
«Тур» сүресі, 45-47 аяттар.
20
барзахта – қасірет шегеді, ал олардан кімде-кім тірі жүрсе –
соғыста өледі, не бұ дүниеде азапталады, олар әйтеуір бір бұ
дүниеде және барзахта азапқа ұшырайды. Осыған орай Құран
Кәрімде: