болсаңдар; Егер шын айтсаңдар, оның жанын (алқымға
жеткен жанын, денесіндегі алдыңғы орнына)
қайтарыңдаршы. Ал егер өлім үстіндегі адам Аллаһқа жақындардан болса; Сонда оған рахатты шаттық, жақсы ризық және нығметті жаннат бар (періштелер хабарлап қуантады)
. Ал енді өлі оңшылдардан болса, саған оңшылдардан «Сәлем» (делінеді)
. Егер өлі жасынға шығарушы адасқандардан болса, оның қонақасысы ыстық су болады. Әрі тозаққа салынады. Сөзсіз міне, анық шындық осы. (Мұхаммед!)
Ұлы Раббыңды атымен дәріпте» 1 , – деген.
Міне, мұнда өлген соң жанға шығарылатын үкім жайында
айтылған. Бұл сүренің басында жанның қайта тірілетін күнгі
үкімдері ескертілген болатын.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын):
«Пайғамбар (с.а.с.)
: «Сонда күдіксіз оған бір тар тұрмыс болады» 2 , – деген аятты оқыған соң: «Бұл аят не үшін түсірілгенін және (тар тұрмыс)
не екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Аллаһ және Оның елшісі біледі», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.)
: «Кәпірдің қабірінде шегетін азабы» , – деді» , – деген
3
.
Аллаһ тағаланың:
«Күдіксіз, ондай залымдарға бұдан өзге де азап бар. Бірақ олардың көбі түсінбейді» 4 , – деген аяттағы
«өзге азап» дегенді Бара (Аллаһ оған разы болсын):
«Қабір азабы» , – деді.
Сол сияқты Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Әрине оларға зор азаптан бұрын төменгі дәрежелі азаптан таттырамыз. Мүмкін олар райдан қайтар»