Қабір азабы арабшадан аударған: А. Зулай 2 ббк 86. 38 Қ 13


«Раббым, жақындарыммен және мәңгілік игіліктеріммен



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#110703
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
Қабір азабы

«Раббым, жақындарыммен және мәңгілік игіліктеріммен 
қауышуым үшін Қиямет күнін тез болдыра гөр», – деп 
жалбарынады. Сонда оған: «Күте тұр», – дейді»
, – деген. 
Сосын Аллаһтың елшісі 
(с.а.с.)
әңгімесін жалғастырып: 
«Әлбетте, кәпір пенде 
(бір риуаятта:
«күнәкар, жамандық 
істеуші»
, – делінген)
дүниеден өтіп, Ақыретке бет алғанда, 
оған аспаннан өңі қап-қара, ірі денелі періштелер түседі. 
Өздерімен бірге тозақтан қалың жүннен тоқылған мата ала 
келеді. Одан көз жетерліктей ара қашықтықта отырады, 
сосын өлім періштесі бас жағына жайғасып: «Ей, сұрқия 
жан! Аллаһтың ашуы мен қаһарына шық!» – дейді. Жан 
денесіне шашырап кетеді, оны көп тісті жүнтарақ денесінен 
ұршық 
тола 
иірілген 
жіптің 
тарқатылғанындай 
ажыратылады, онымен бірге терісі, майы, еті қиылып түсіп, 
қаны төгіледі. 
«Аллаһтың ашу-ызасына қарай шық!» – дейді. Сол сәтте 
оның рухы денесінен 
(ағза-ағзасына)
бөлініп тарап кетеді. 


26 
(Өлім періштесі)
оны сулы жүннің арасынан тікенекті бұтақ 
суырғандай етіп суырады. Онымен бірге қан тамырлары мен 
жүйке талшықтары бырт-бырт үзіледі. 
Аспан мен жер арасындағы барлық періштелер лағынет 
айтады. Жеті қат көктің есіктері жабылады, әр қақпадағы 
періштелер Аллаһтан оның жанын өздеріне қарай көтермеуін 
сұрап дұға қылады. Сөйтіп бұл жанды өлім періштесі алады, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет