Қабір азабы арабшадан аударған: А. Зулай 2 ббк 86. 38 Қ 13



Pdf көрінісі
бет27/48
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#110703
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
Қабір азабы

 
 


31 
ЕКІНШІ БӨЛІМ 
ҚАБІРДЕГІ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖАҒДАЙЛАР 
Қабірдегі қорқынышты үндерді
жануарлар естиді 
Айша (Аллаһ оған разы болсын): 
«Аллаһ елшісі 
(с.а.с.)

«Әлбетте, көрдегілер азап шегеді, олардың қиналған үнін 
жануарлар естиді»
, – деді»
, – деген
1

Умму Мубашшар (Аллаһ оған разы болсын): 
«Пайғамбар 
(с.а.с.) (үйіме)
кіріп: 
«Аллаһтан қабір азабынан құтқаруды 
сұраңдар!»
– деді. Сонда мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Көрде де 
азап бар ма?» – дедім. Ол: 
«Әлбетте, қабірдегілер азап шегеді, 
олардың қиналған дауыстарын жануарлар естиді»
, – деді»
, – 
деген
2

Зәйд ибн Сәбит (Аллаһ оған разы болсын): 
«Пайғамбармен 
(с.а.с.)
бірге бәріміз бәну нәжжәр тайпасына қарасты ауылдың 
тұсынан өтіп бара жатқанымызда ол кісінің қашыры кенет 
әлденеден үркіп, Пайғамбарды 
(с.а.с.)
үстінен құлата жаздап 
жолдан шығып кетті. Сонда анадайдан алты-бес, әлде төрт 
бейіт көрінді. Пайғамбар 
(с.а.с.)

«Бұлар қашан өлген еді?»
– 
деп сұрады. Жолдастарымыздың бірі: «Мүшрік кездерінде», – 
деді. Сосын Пайғамбар 
(с.а.с.)

«Әлбетте, бұл үмбет 
қабірлерінде сыналады. Егер сендер бір-бірлеріңді жерлейтін 
болмағандарыңда еді, сендерге Аллаһтан өзім естіп тұрған 
қабір азабын естіртуді сұрар едім»
, – деді»
, – деген
3

Пайғамбар (с.а.с.) қабірлердің жанынан өткенде олардың 
дауысын есітетін болған. Егер адамдарда қабір азабының даусын 
есіту қабілеті болғанда, қабірге деген қорқыныштан олар бірін-
бірі жерлемей қояр еді. 
Жануарлар 
қабірде 
азап 
шегушілердің 
дауыстарын 
естігендіктен үй жануарлары топырақты жеп ауырып қалған 
кезде адамдар оларды яһудилердің, христиандардың, бәну 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
Ахмад, Ибн Хиббан. 
3
Муслим, Ахмад. 


32 
ғұбайттан болған исмайлилер, нусайрилер, қарамиталар және т.б 
Мысыр, 
Шам 
жерлеріндегі мұнафықтардың 
мазарларына 
апаратын. Себебі жылқысы барлар олардың бейіттерін яһуди, 
христиандардікімен бірдей көретін. Олар жылқы қабір азабын 
естіген кезде қатты қорқып сілкініп, шыңғырады, сол кезде оның 
ауруы кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет