33
Ал бейбіт жарқылдаған найзағайлар қиыншылық, зардап
шектірмесе де үрейленеміз. Сонда оның қинауға толы ауыр
жазаларға ұшырағандағы азабы, тозақ оты күшейе түскендегі
күні не болар екен?...
Аллаһ тағаладан бізді кешіруін, мейірімі мен рақымын нәсіп
қылуын сұраймыз.
Кімде-кім Аллаһты және Оның құдіретін біле тұра, Оның
Раббылық хикметімен жоқты бар етіп, рақымы түскендіктен,
кейбір тылсым сырды пенделерінен құпия ұстайтынын қалай
жоққа шығарады. Себебі олардың бұл жұмбақ жағдайларды
көруге және естуге күші, шыдамдары жетпейді. Қабір азабының
куәгер болуына адамның есту, көру қабілеті қауқарсыз. Оның
сұмдық азабын көргенде не естігенде есінен адасып кетер еді, не
болмаса қорқыныштан жүрегі жарылып өлер еді.
Достарыңызбен бөлісу: