39
жегендер қабірлерінен жын соққандай есеңгіреп тұрады»
1
, –
деген аятты оқыған.
Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғап:
«Содан сәл ілгері жүріп,
еріндері түйенің еріндеріндей, ауыздарын ашып тас жұтып,
ол
(тастары)
арттарынан шығып жатқан адамдарды көрдім.
Аллаһқа жалбарынып байбалам салғандарын естідім. Мен:
«Уа, Жәбірейіл! Олар кімдер?» – дедім.
(Жәбірейіл)
: «Олар –
үмбетіңнен жетімдердің мал-мүлкін жеушілер», – деп
айтты»
, – деп:
«Әлбетте, жетімдердің мал-дүниелерін
зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған
болады. Сондай-ақ олар жалындаған тозақ отына кіреді»
2
, –
деген аятты оқыған.
Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғап:
«Сосын сәл жүріп
омырауларынан ілініп тұрған әйелдерді көрдім, Аллаһқа
жалбарынып шулап жатқандарын естідім. «Уа, Жәбірейіл!
Бұлар кімдер?» – дедім. Ол: «Үмбетіңдегі зина жасаушы
әйелдер», – деді. Тағы алға басқанда көргенім – біреулердің оң
жақтарындағы еттерін кесіп, ауыздарына салып, оларға:
«Бауырыңның етін жегеніңдей же!» – дейді. «Уа, Жәбірейіл!
Достарыңызбен бөлісу: