«Жоқ, жаным қолында болған (Аллаһ)
пен ант етемін! Оның үстіндегі жамылғы тозақта лаулап жанып тұр. Өйткені ол сол жамылғысын Хайбар күнгі мұсылмандарға тиесілі олжадан ұрлап алған болатын 1 » , – деді» , – деген
2
.
б) Ілім үйреніп, оған амал қылмау және парыз амалдарға көңіл бөлмеу, өтірік айту Самура ибн Жундуб (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді:
«Пайғамбар (с.а.с.)
серіктеріне: «Сендерден біреулерің түс көрді ме?» – деп жиі айтатын, сөйтіп серіктері оған Аллаһтың қалауымен баян ететін. Пайғамбар (с.а.с.)
бір күні сәскеде бізге: «Мен түнде маған екі кісінің келгенін көрдім. Ол екеуі мені қолымнан жетектеп, қасиетті жерге алып шықты. Қарасам бір кісі отыр, қолында имек темірі бар бір кісі түрегеп тұр. (Түрегеп тұрған кісі)
ол имек темірді (отырған адамның)
езуіне желкесіне жеткенше кіргізеді. Сосын екінші езуін де солай етеді. (Сол аралықта)
мына (жыртылған)
езуі жазылады да, (оның езуіне)
қайтадан әлгіндегідей істейді. Мен: «Бұл не?» – деп (сұрадым)
. Ол екеуі: «Алға жүр!» – деді. Біз ілгері жүріп, шалқасынан жатқан бір кісіге келдік, оның бас жағында дәу тасы (немесе
жартастың бөлігі )
бар бір кісі тұр. Ол (жатқан адамның)
басының мылжа-