«Аллаһым! Біз Өзіңнен жаһаннамның азабынан, Өзіңнен қабір азабынан және Өзіңнен мәсих дәжжалдың бүлігінен пана сұраймын және Өзіңнен тіршілік пен өлімнің бүлігінен пана сұраймыз!» – деп дұға қылатын
2
.
Осы сияқты Пайғамбардың (с.а.с.) қабір азабынан сақтауды
сұрап Аллаһқа жалбарынғаны туралы көптеген хадистер бар.
Қабір нығметтері Қабір нығметтеріне Аллаһ тағаланың мына сөзі дәлел:
«Ал егер (өлген кісі)
Аллаһқа жақындардан болса, сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті жұмақ бар» 3 .
Сондай-ақ алдыңғы тақырыптарда Бара ибн Азибтен және
басқалардан жеткен хадистерде қабір нығметтерінің біразы
айтылды.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Расында, өлер алдында мүмінге періштелер әтір және райхан иісі сіңген жібек алып келеді. Жаны қамырдан суырылған талшықтай (жеңіл) шығады. Оған: «Уа, жақсы нәпсі, өзіңнің қалауыңмен, ризашылығыңмен Аллаһтың ризашылығына, кереметтеріне шық!» – делінеді. Жаны шыққан бетте жаңағы миск, әтір сіңген жібекке оралады, онымен Ғиллийнге (жаннаттағы орын)
жіберіледі» , –
деген
4
.
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Екі періштенің қабірдегі сынағынан 1
Әл-Бұхари.
2
Муслим.
3
«Уақиға» сүресі, 88-89 аяттар.
4
Ахмад, Ибн Хиббан.