Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Ҥкіметтің қҧқықтық мәртебесі



Pdf көрінісі
бет45/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Ҥкіметтің қҧқықтық мәртебесі 
Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі мемлекеттік билiктiң ерекше 
тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын 
орталық 
атқарушы 
органдар, 
облыстық, 
аудандық 
және 
қалалық 
әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады 
және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң 
негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). 
Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР 
Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан 
Республикасының Үкiметi туралы» (1999 ж. 6 мамырда ӛзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлген) ҚР-дың Конституциялық заңымен белгiленген. 
Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, ҚР-дың 
заңдары мен ӛзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау 
үшiн iс-қимыл жасайды. 
Ҥкіметті қҧру 
Үкiметтi Республика Президентi ҚР-дың Конституциясында кӛзделген 
тәртiппен құрады. Премьер-министр Үкiмет басшысы болып табылады. 
Премьер-министрдi 
Парламенттiң 
келiсiмiмен 
Президент 
қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-дың премьер-министрi ӛзi 
тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы 
туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент премьер-министрдiң 
ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке 
тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы 
органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын 
министрлiктер мен ӛзге де орталық атқарушы органдар құрайды. 
Қазақстан Үкiметi – алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi – 
республиканың премьер-министрi, оның орынбасарлары, министрлер, ӛзге де 
лауазымды адамдар кiредi. Премьер-министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке 
кiрiсер алдында Қазақстан халқына және Елбасына ҚР Үкiметi туралы 


81 
конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-министрге 
ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн 
министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату 
туралы, министр қызметiне кандидатуралар жӛнiнде, министрдi қызметтен 
босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған 
басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет