83
мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер
Үкiмет, оның кез келген мүшесi ӛздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi
орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне
ӛз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ,
61-бап, 7-тармақ) кӛзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк
бiлдiретiн болса, Үкiмет ӛзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне
мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР
Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не
оның тиiстi мүшесiнiң ӛкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-
министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен
босатуы бүкiл Үкiметтiң ӛкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ
президент ӛз бастамасымен де Үкiметтiң ӛкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм
қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет
жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет
мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: