Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Конституциялық кеңестің қҧзыреті



Pdf көрінісі
бет51/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Конституциялық кеңестің қҧзыреті 
Конституциялық 
кеңес 
Президенттің, Сенат 
тӛрағасының, Мәжіліс 
тӛрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір 
бӛлігінің, премьер-министрдің ӛтініші бойынша: 
– дау туған жағдайда Президент, Парламент депутаттарының сайлауын 
ӛткізудің дұрыстығы және республикалық референдум ӛткізу туралы мәселені 
шешеді; 
– Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін Президент 
қол қойғанға дейін қарайды; 
– республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін (яғни заңдық 
күшіне енгенге дейін), олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 
– Конституция нормаларына ресми түсіндірме (яғни мазмұнын, мағынасын 
белгілеу) береді; 
– Парламент Президентті мерзімінен бұрын қызметінен босату немесе 
қызметінен кетіру жӛніндегі мәселе бойынша шешім кабылдау үшін 
конституциялық рәсімдердің сақталғандығы туралы қорытынды шығарып 
береді. 
Конституциялық кеңес адамның және азаматтың конституциялық 
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңды немесе ӛзге де 
нормативтік актілерді конституциялық емес деп тану жӛніндегі соттардың 
ӛтініштерін қарайды. Конституциялық кеңестің шешімдері қабылданған күннен 
бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті 
және шағымдануға жатпайды. 
Сонымен, сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің ӛз алдына дербес 
тармағы болып табылады. Судьялар сот әділдігін жүзеге асыруда тәуелсіз және 
Конституция мен заңға ғана бағынады. Қазақстан Республикасында сот 
әділдігін сот қана жүзеге асырады. Сот билігінің басты міндеті – азаматтардың, 
олардың бірлестіктері мен ұйымдарының құқықтарын, бостандықтары мен 
заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңдардың, ӛзге де нормативтік-
құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету 
болып табылады. 
Қазақстанда сот жүйесін Жоғарғы сот және жергілікті соттар – облыстық 
және соларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. 
Соттардың шешімдері, үкімдері мен ӛзге де қаулыларының республика 


88 
аумағында міндетті түрде орындалатын күші бар деп танылады. Қазақстан 
Республикасы Конституциялық кеңесінің басты мақсаты еліміздің бүкіл 
аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз 
ету болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет