Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Жергілікті мемлекеттік басқару



Pdf көрінісі
бет52/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Жергілікті мемлекеттік басқару 
Жергілікті мемлекеттік басқару - Қазақстан Республикасындағы жергілікті 
мемлекеттік басқару және ӛзін-ӛзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 
2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес, және Қазақстан 
Республикасының ӛзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті 
шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында 
жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ 
олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын 
мемлекеттік қызмет. 
Әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын 
және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан 
Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық 
бӛлімшелерінің 
үйлесімді 
қызмет 
істеуін, 
тиісті 
бюджеттен 
қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік 
басқару ӛкілеттігі және ӛзін-ӛзі басқару функциялары берілген, тиісті 
аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан 
Республикасының Президенті мен Үкіметінің ӛкілі; 
Әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) 
және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. 
Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы 
бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі 
басқаратын, ӛз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік 
басқаруды және ӛзін-ӛзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. 
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік 
Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, 
атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту 
мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi. 
Әкiм облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдікті әкiм 
орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен 
қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. 
Әкiмдіктің дербес құрамы облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, 
астаналық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi. 
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң құзыретi және 
республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық 
маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық, ауылдық округ әкімінің құзыреті 
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ӛзін-ӛзі 
басқару туралы Заңмен айқындалады. 


89 
Әкiмдік Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан 
Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, ӛзге де нормативтiк 
құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар 
шығарады. Әкiмдік қаулысына әкiм қол қояды. Әкiм нормативтiк-құқықтық 
сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес 
сипаттағы мәселелер бойынша ӛкiмдер шығарады. Әкiмдіктің және (немесе) 
әкiмнің ӛз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық 
бӛлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. Әкiмдік және (немесе) әкiм 
актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн. 
Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары 
мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 
құпиялары және заңмен қорғалатын ӛзге де құпиялары бар актiлерден басқа) 
мiндеттi ресми жариялауға жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет