Мәслихат
Қазақстанда
жергілікті
ӛкілді
орган
(мәслихат)
–
облыстың
(республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін
және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін
қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын
сайланбалы орган.
Мәслихаттар ӛз қызметінде:
жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және
инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол
бермеуге;
ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерiн сақтауға;
қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы
мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз
етуге мiндеттi.
1993 жылғы 10 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесі ҚР
«Қазақстан Республикасының жергілікті ӛкілетті және атқарушы органдары
туралы» Заң қабылдады, бұл Заң жергілікті мемлекеттік органдардың
құрылымына ӛзгерістер енгізді. Ӛкілетті органдар-мәслихат, ал жергілікті
атқарушы органдар- әкімнің басшылығымен жергілікті әкімшілік деп аталды.
Мәслихат пен әкімшілік «мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары» деген
ортақ атаумен бірікті.
ҚР негізгі Заңы Конституциямен жергілікті мемлекеттік басқарудың
негіздері белгіленді, оған олардың әлеуметтік рӛлі мен қызметін ашатын
жергілікті ӛкілетті және атқарушы органдар жатқызылады. Негізгі заңның жаңа
тармағы жергілікті ӛкілетті органдардың атауы мен олардың ӛкілеттіктерінің
90
мерзімін (бес жылдың орнына олар 4 жылға сайланады) ӛзгерту арқылы
олардың мәртебесін реттейтін арнайы заң қабылдауға алғышарт жасады.
Еліміздегі алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда ӛткізіліп, әр
деңгейдегі мәслихаттар органдары ӛмірге енді. Ӛзінің қалыптасқан 20 жыл
ішінде ӛкілеттіліктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихаттағы
депутаттар корпусы – қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен билік
арасындағы байланысты нығайтуға, еліміздегі халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды
жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарда ӛз белсенділіктерін
танытуда.
Сессия – мәслихат қызметінің негізгі түрі. Сессия заңға сәйкес жылына
тӛрт реттен кем ӛткізілмеуі тиіс. Алайда қажет болған жағдайда депутаттардың
немесе қала әкімінің бастамасымен шақырылатын мәслихаттың кезектен тыс
сессияларының ӛткізілуі заңмен қарастырылады.
Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының
кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды. Сессия жалпы отырыс нысанында
ӛткізіледі.
Мәслихаттың шешімі бойынша сессия жұмысында мәслихат белгілеген
мерзімге, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын үзіліс жариялануы мүмкін.
Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.
Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды
тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін сессияның тӛрағасы отырыс басталардан
бұрын жария етеді.
Мәслихат сессиясы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім
қабылдайды. Бір мәселе бойынша шешімдердің бірнеше нұсқасы енгізілген
жағдайда, олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға беріледі.
Бірінші сессияда мәслихат депутаттар арасынан мәслихаттың хатшысын
сайлайды, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін және мәслихатқа есеп беретін
лауазымды адам болып табылады. Мәслихат хатшысы мәслихат ӛкілеттігінің
мерзіміне сайланады.
Мәслихаттың сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып
отырған депутаттардың жалпы санының кӛпшілігі дауыс берсе, жабық
сессияларды ӛткізуге мәслихат сессиясы тӛрағасының немесе мәслихат
сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бір бӛлігінің ұсынысы
бойынша жол беріледі.
Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру,
мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін
іске асыру үшін мәслихаттарда тұрақты комиссиялар құрылған. Әрбір тұрақты
комиссияның тізбесі, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа салынады.
Олардың сандық және дербес құрамы сессия тӛрағасының, мәслихат
хатшысының ұсынысы бойынша айқындалады. Сонымен қатар, мәслихаттың
құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында
мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға да құқылы.
91
Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, ӛкiлеттiк мерзiмдерiн және
құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиіс.
Мәслихаттардың тұрақты комиссиялары тӛрағаларының кандидатуралары
тұрақты комиссиялардың отырыстарына шығарылады.
Тұрақты комиссиялар негізінен мынадай мәселелерге қатысты құрылады:
- бюджет, экономика, ӛнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жӛнінде;
- заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері
жӛнінде;
- құрылыс, экология, кӛлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық
шаруашылық мәселелері жӛнінде
- әлеуметтік– мәдени даму мәселелері жӛнінде.
Тұрақты комиссиялар ӛз бастамасы немесе мәслихат шешімі бойынша
кӛпшілік тыңдаулар ӛткізе алады.
Маңызды және қоғамдық мәнді мәселелерді талқылау мақсатында тұрақты
комиссияларға
депутаттардың,
атқарушы
органдардың,
ұйымдардың,
бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың қатысуымен кӛпшілік
тыңдаулар ӛткізіледі. Сонымен қатар комиссия мәслихат шешімінің,
қабылданған бағдарламалардың және мемлекеттік билік пен басқару
органдарының басқа да актілерінің орындалуын бақылауды іске асырады.
Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және ӛз
қызметі жӛнінде жылына бір реттен кем есеп бермеуі тиіс. Депутаттардың
тұрғылықты жер халқымен жұмыс істеуіне негізгі кӛңіл бӛлінеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат депутаттары императивті мандатқа
ие және ӛз аумағының сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасап тұруға,
оларды мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат
шешімінің орындалуы жӛнінде әрдайым хабардар етуге міндетті. Депутаттар
тұрғылықты жер сайлаушыларын қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп отырады,
ӛздеріне түскен үндеулерді қарастырады. Мәслихат сессияларын, оның
органдарының отырыстарын ӛткізу тәртібі, сұрақтар енгізу және оларды
қарастыру, мәслихат органдарын сайлау және құру және басқа да
ұйымдастырушылық рәсімдік мәселелер сессияда бекітілетін мәслихат
регламентімен
анықталады.
Ал мәслихаттың жұмыс регламенті «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және ӛзін ӛзі басқару туралы» 2001 жылғы 23
қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан
Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен
бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентіне сәйкес әзірленді және мәслихат
сессияларын, оның органдарының отырыстарын ӛткізу, оларға мәселелер енгiзу
және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы
есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты
комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың
сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң
ӛкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат
92
жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық
мәселелерін белгілейді.
Мәслихат ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан құрамы тақ
санды құрайтын есеп және редакциялық комиссияларын сайлайды. Есеп және
редакциялық комиссияларының құрамына мәслихат аппаратының және басқа
мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері енгізілуі мүмкін.
Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және ӛзге де
қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер
құра алады. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кірмейді.
Депутаттың тек бiр ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
Мәслихат депутаттарының бектілген депутаттық этикасы бар. Мәслихат
пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық
және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға ӛздерiнiң
ӛкiлеттiктерiн жүзеге асыруға кӛмек кӛрсету үшін мәслихат аппараты
құрылады.
Дерек кӛзі:
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және ӛзін-ӛзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы № 148 Заңы
|