Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Тілдердің типологиялық жіктелімін түзуші ғалымдар



Pdf көрінісі
бет59/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

2 Тілдердің типологиялық жіктелімін түзуші ғалымдар. 
Тілдердің 
типологиялық классификациясының қалыптасу тарихына келетін болсақ
дүние жүзі тілдерінің типін айқындау мәселесіне алғаш назар аударғандардың 
бірі − неміс ғалымы Фридрих Шлегель. 1809 жылы жарық көрген 
Ф.Шлегельдің "Үнділіктердің тілі мен даналығы туралы" атты еңбегінде 
санскрит тілін грек, латын және кейбір түркі тілдері жүйесімен салыстыра 
келе, дүние жүзі тілдерін 
флективті 
және 
аффиксті типті тілдер
деп 
жіктейді. Бұлай жіктелуінің негізгі принципі ретінде түбір сөздің өзгеру, 
өзгермеу қалпын басшылыққа алады.
Август Шлегель "Провансаль тілі мен әдебиеті жөнінде заметкалар" деген 
еңбегінде тіл атаулыны 
аморфты, аффиксті
және 
флективті
типті тілдер деп 
үш топқа бөледі. Дүние жүзіне кең тараған флективті типті тілдер деген 
терминді алғаш рет ғылыми айналымға түсірген Ф. Шлегель болатын. Ол 
өзінің «Үнділіктердің тілі мен даналығы» атты еңбегінде флективті типті 
тілдерге тән тілдік ерекшеліктерді айқындап береді. Ал Ф.Фортунов флективті 
тілдер тобының классикалық үлгілеріне санскрит, ертедегі грек, латын, ескі 
славян, гот тілдерін жатқызады. 
Жалпы тіл білімінің теориялық негізін қалаушы, әрі философ-ғалым, 
қоғам қайраткері Вильгельм фон Гумбольдт 1822 жылы «Грамматикалық 
формалардың шығуы және олардың идеялардың дамуына әсері жөнінде», ал 
одан соң 1836-1840 жылдары аралығында «Ява аралығындағы кави тілі 
жөнінде» атты үш томдық еңбегінде дүние жүзі тілдерін ірі төрт топқа жіктеп 
көрсетеді: 
даралаушы (изолирующие), жалғамалы (агглютинативті), 
қопармалы (флективті), инкорпоративті тілдер.
Қазіргі тіл ғылымы тілдердің морфологиялық жіктелімін көрсетуде В. фон 
Гумбольдттың ұсынған типологиялық классификациясын басшылыққа алады. 
Сонымен қатар тілдердің типологиялық жіктеліміне қатысты академик 
Ф.Ф.Фортунатовтың еңбектерін айта кеткен жөн. Академик Ф.Ф.Фортунатов 


94 
сөз формасының құрылымы мен морфологиялық белгілеріне қарай 
түбір 
типті тілдер, агглютинативті және флективті типті тілдер 
болатындығын 
айқындай отырып, соңғы топқа жататын семит және үндіеуропа тілдерінің 
грамматикалық құрылысында елеулі айырмашылықтардың, яғни аралық 
құбылыстардың орын алатындығына назар аудартады. Соныменәлем 
тілдерінің типология классификациясын түзген тілші-ғалымдарды былайша 
топтастырдық:
Кесте 3. Әлем тілдерінің типология классификациясын түзген тілші-ғалымдар 
Американ лингвисті, американ этнолингвистикасының негізін қалаушы 
Эдуард Сепир тілдерді типологиялық тұрғыдан жіктеуде өз принципін 
ұстанды. Э.Сепир 1921 жылы тілдердің 
типологиялық сипаттамасының көп 
сатылығы
деген принципті ұстанды. Яғни, тілдегі ұғымдарды білдіру 
табиғаты; қатынастарды білдіру техникасы; синтез аралығын білдіру 
техникасы. Э.Сепирше, тілдегі ұғымдарды білдірудің төрт түрлі амалы бар: 
бірінші ‒ нақты түбір ұғымдар (қимыл, сапаны білдіретін сөздер), екінші ‒ 
деривациялық ұғымдар (атрибуттық, субстантивтік), үшінші ‒ нақты релятивті 
ұғымдар (тек, сан категориялары), төртінші ‒ таза релятивті ұғымдар (таза 
қатынастық ұғымдар). Дегенмен, тілдердің типологиялық жіктелімін 
анықтауда бұл принциптерді жетілдіре түсу керектігі айқындалған болатын. 
флективті және аффиксті 
типті тілдер
аморфты, аффиксті және 
флективті типті тілдер
даралаушы, жалғамалы, 
қопармалы және 
инкорпаративті типті тілдер
түбір, флективті және 
агглютинативті типті 
тілдер 


95 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет