Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Аллаһумма инәә наста’иинукә уә настағфирукә



Pdf көрінісі
бет112/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

 «Аллаһумма инәә наста’иинукә уә настағфирукә 
уә нәстаһдика уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә 
нәтәуәккәлу а’лайкә уә нусни а’лайкәл-хайрә күлләһу 
нәшкурукә уә ләә нәкфурукә уә нахла’у уә нәтруку 
мәй йәфжурук.
Аллаһумма ииәәкә на’буду уә ләкә нусалли уә 
нәсжуду уә иләйкә нас’а уә нахфиду наржу рахмәтәкә 
уә нахшә а’заабәкә иннә азаабәкә бил куффари 
мулхиқ».
231
Бухари, Дәауат, 69


196
Ислам ғылымхалы
Мағынасы: 
«Аллаһым, біз күмәнсіз сенен жәрдем 
және кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз. 
Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе 
етіп, саған сүйенеміз. Сені барлық жақсылықтармен 
мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе 
шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған 
қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем 
байланысымызды үземіз. Аллаһым! Біз тек саған ғана 
құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде 
етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу 
үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің 
рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. 
Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды».
Науқас адамдар намаздарын қалай оқиды?
Ақыл-есі дұрыс кісілер басқа жерлері науқас болса 
да діни міндеттерден жауапты. Бірақ дініміз бұл діни 
парыздарды атқару үшін оларға жеңілдік көрсеткен.
Намаз оқудағы жеңілдіктер:
Науқас кісі әл-қуат, шама-шарқына қарай намазын 
оқиды. Мысалы, түрегеп тұра алмайтын, яки, тұрған 
жағдайда ауруының күшеюі сияқты жағдайларда, 
отырып, оған да күші жетпесе, ыңғайына қарай шалқайып 
немесе жанымен жатып намазын оқиды.
Намазын бір нәрсеге сүйеніп түрегеп тұрып оқи 
алатындар сүйеніп оқиды.
Ифтитақ (ашу, бастау) тәкбірін түрегеп тұрып ала 
алатын болса, түрегеп тұрып алып, қалған намазын ша-
масына қарай отырып, яки, жатып жалғастырады.


197


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет