Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет126/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
маздар: Таң намазынан бұрын–екі рәкат, бесіннен 
бұрын–төрт рәкат, бесіннен кейін–екі рәкат, ақшамнан 
кейін–екі рәкат және құптаннан кейін–екі рәкат»
248

Бұлар аса маңызды сүннеттер. Бейне бір парыздың 
қорғандарындай. Қорғаны жоқ немесе бұзылған қалаға 
әр уақытта дұшпанның кіруге дайын тұратынындай, 
сүннеттерін тәрк еткен адам әрқашан парыз намаздарын 
қаза қылуға немесе түгел тастап кетуге бейім тұрады. 
Сондықтан Аллаһ Елшісі (с.а.у.) таң намазы жайында: 
«Сендерді аттылар (жау) қуса да, таң намазының екі 
рәкат сүннетін тастамаңдар»
249
– деген. Жұманың 
алдындағы және соңындағы төрт рәкат намаз – мүәккад 
сүннет. Мүәккад сүннеттердің бірі – тарауих намазы. 
Бұл намазды жамағатпен оқу – сүннет. Аллаһ Елшісі 
Рамазанның үшінші, бесінші, жетінші, және жиырмасын-
шы түндерінде осы намазды мешітте жамағатпен бірге 
оқыған. Кейіннен мұсылмандарға парыз болар деген 
оймен мешітте оқымаған. Кейде Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
тарауих намазын сегіз рәкат оқитын. Қалғанын сахаба-
лар өздері толықтырған. Сол себепті сахабалардан түн 
ішінде араның ызыңындай дауыстары естілетін
250
. Бұл 
намаз Рамазан айында құптан намазынан кейін үтірден 
бұрын оқылады. Ең мықты көзқарасқа қарай, осы на-
мазды жамағатпен оқу – кифая (жалпылама) сүннет. 
Бұл намазды адам жеке өзі оқи алады. Бірақ жамағатпен 
оқу абзал. Тарауих намазы – жиырма рәкат. Әрбір төрт 
рәкат намаздан кейін дем алынып, бой жазылғаны үшін 
«тарауих» деп аталған. Яғни, тарауих – дем алу, тынығу 
248
Тирмизи, Салат, 189.
249
Ханбәл, ІІ, 405.
250
әз-Зухайли, а.а.е., ІІ, 43.


219
Намаз
деген сөз. Тарауих намазының әр екі рәкатында сәлем 
беріп оқу абзал. Бірақ төрт, сегіз, он, тіпті жиырма 
рәкаттан кейін де, сәлем беруге болады. Ханафилер та-
рауих намазының санын Хазіреті Омардың жасағанына 
қарай орындайды. Хазіреті Омар халифа болған кезінде 
жиырма рәкат оқытқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет