Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет129/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
түнгі тәһәжжүд намазына қатысты екенін байқаймыз. 
Он бір рәкаттың сегіз рәкатының – тәһәжжүд, ал қалған 
үш рәкатын Алла елшісінің (с.а.у) «Соңғы оқыған 
намаздарың үтір намазы болсын» дегенін ескере отырып, 
үтір намазы деп түсінген жөн. 
2. Мүәккад болмаған (бекітілмеген) мәндүп 
сүннеттер
Аллаһ Елшісінің көбінесе оқыған, бірақ кейде 
оқымаған сүннеттері мыналар:
1. Бесін намазынан кейінгі екі рәкаттан бұрын 
оқылатын қосымша екі рәкат.
2. Намаздыгер намазынан бұрын оқылатын төрт 
рәкат намаз. Бұл жайында Аллаһ Елшісі былай дейді: 
«Намаздыгер намазынан бұрын төрт рәкат намаз 
оқыған адамға Аллаһ рақым етсін»
254
.
3. Құптан намазынан бұрын оқылатын төрт рәкат 
намаз бен құптан намазының екі рәкатына қосымша 
– екі рәкат намаз. Бұл жайында Хазіреті Айша былай 
дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) құптаннан бұрын төрт рәкат 
намаз оқып, артынан құптан намазын оқитын. Одан кейін 
тағы төрт рәкат намаз оқитын. Содан кейін жатуға бет 
алатын»
255
.
4. «Әууабин» намазы: Бұл – Аллаһқа көп тәубе етуші 
адам деген сөз. Ақшам намазынан кейінгі екі немесе үш 
сәлеммен оқылатын алты рәкат намаз. Мұның дәлелі 
мына аят: 
«Раббыларың іштеріңдегі нәрсені жақсы 
біледі. Егер игілерден болып, жаманшылықтан 
254
Тирмизи, Салат, 301.
255
әш-Шәукани, ІІІ, 118.


225
Намаз
бет бұрып, тәубе етсеңдер, Аллаһ күнәларыңды 
кешіруші»
256
. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 
«Кімде-кім ақшам намазынан кейін алты рәкат намаз 
оқыса, Аллаһ күнәларын теңіз көбігіндей болса да 
кешіреді»
257
. Аллаһ Елшісі ақшам намазынан кейін алты 
рәкат намаз оқыған адамның «әууабиннен» саналатынын 
айтып, артынан жоғарыда мағынасын беріп өткен аятты 
оқыған. Бұлардың бәрі – парыз намаздарға қосымша 
нәпіл намаздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет