223
Намаз
білгендіктерінде. Омардың (р.а.) қолға алған ісіне қолдау
көрсетуі сахабалардың ислам заңдарының негізі
бойын-
ша «ижмағ» болып есептеледі. Ал ижмағ Құран, Сүннет
секілді шариғатымыздың негізгі дәлелдеріне жатады.
Бұған қоса, Ибн Аббастан пайғамбарымыздың (с.а.у)
Рамазан айында жиырма рәкат тарауих намазы мен үтірді
оқығандығы риуаят етілген. Тарауихтың рәкатына байла-
нысты келген бұл риуаят әлсіз болғанымен сахабалардың
фиғли ижмағымен (барлық сахабалардың тарауихты іс
жүзінде жиырма рәкат оқуымен болған ижмағ) қуаттанып
отыр. Айша анамыздың «Алла елшісі (с.а.у) рамазанның
түндерінде мол намаз оқитын еді» делінген риуаяты мен
сахабалардың және көпшілік мәзһаб ғұламаларының
тарауихты жиырма рәкат оқығандығы жоғарыдағы Ибн
Аббастан риуаят етілген
хадистің дұрыс екендігіне
қуатты дәлел.
Ал енді тарауихтың сегіз рәкат екендігін ұстана-
тындардың дәлеліне келер болсақ:
Тарауихты секіз рәкат дейтіндердің негізгі дәлелі
Айша анамыздың: «Алла елшісі (с.а.у) рамазан айында
және одан басқа айларда да он бір рәкаттан артық намаз
оқымайтын еді» деген риуаяты. Бұл риуаятты
Айша ана-
мыздан жеткен: «Рамазан айы кірісімен, Алла елшісінің
(с.а.у) түрі өзгеретін әрі намаз көп оқып, Жаратқанға
қатты жалбарынушы еді», «Алла елшісі (с.а.у) басқа
уақыттарда көрсетпеген қажыр-қайраты мен ыждаһатын
рамазан айының соңғы он күнінде көрсететін еді» деген
хадистермен топтастырып қараған уақытта «Алла
елшісі (с.а.у) Рамазан айында және одан басқа айларда
да он бір рәкаттан артық намаз оқымайтын еді» деген
жоғарыда келтірілген риуаяттың тарауих намазы емес,