32
Ислам ғылымхалы
уақыты жолда кірді. Сөйтіп кейбіреуі: «Намазды бар-
майынша оқымаймыз» – десе, енді біреулері: «Жоқ,
керісінші оқимыз. Өйткені, пайғамбарымыз бізге бұны
айтқысы келмеді деді. (яғни, тезірек бәни құрайзаға бару-
ымызды қалады). Кейіннен бұл жағдай пайғамбарымызға
білдірілген уақытта олардың ешқайсысын кінәлаған
жоқ»
11
.
5. Имамдардың хадис іліміндегі дәрежелерінің
әр түрлі болуы.
6. Хадис дәрежелерін белгілеудегі тәсілдердің әр
түрлі болуы.
7. Аят-хадистерді түсінуде имам дәрежелерінің
әр түрлі болуы.
8. Кейбір білдірілген хадис үкімдерінің күші жой-
ылып (мәнсұх болып), орнына жаңа насих үкімдер
келген.
Осындай хадистердің, хадисте білдірілген
оқиғалардың қайсысының бұрын, қайсысының кейін
болғанын, яғни, насих пен мәнсұх хадистерді бір-бірінен
ажыратуда ғұламалардың бір көзқараста болмауы – әр
түрлі мәзһабтардың шығуына түрткі болған.
Достарыңызбен бөлісу: