30
Ислам ғылымхалы
бастың кішкентай бөлігіне мәсіх ету, тіпті, су
себу
жеткілікті. Ал Ханафиларда, кем дегенде, бастың төрттен
біріне мәсіх ету парыз болса, Малики және Ханбалиларда
басты түгел мәсіх ету парыз. Әр мәзһаб өзінің ұстанған
көзқарасын қолдап, шариғи дәлел келтіргендіктен,
бәрі дұрыс. Себебі, барлығы берген пәтуаларын аятта
қолданылған «бастарыңды» деген мағынаны білдіретін
«руусикум» сөзінің алдына қосылып жазылған «ب» яғни,
«б» әрпінен шығаруда. Араб тілінде «б» әрпі әр түрлі
мағынада келеді:
1.
Ешқандай мағынасы жоқ, тек өзінен кейінгі сөзді
әдемілеу үшін келеді.
2. «Кейбір» мағынасын білдіреді.
3. «Тигізу, жанастыру, бітістіру» мағыналарында
келеді.
Міне, сондықтан Имам Ахмед пен Имам Малик:
бастың барлық жерін мәсіх ету керек дейді. Себебі, бұл
жердегі «б» әрпі тек қана сөзді әдемілеу үшін келген
(зайд) яғни жеке тұрғанда мағынасы жоқ артық әріп
дейді.
Ал Әбу Ханифа болса, бұл жердегі «б» әрпі «кейбір»
деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, бастың кейбір
жерін мәсх етсе жетіп жатыр дейді.
Ал имам Шафиғи болса, бұл жерде «б» әрпі «тидіру,
біріктіру, жабыстыру, жанастыру»
мағынасында
келгендіктен, тек қана қолдың басқа жанасуы, бірнеше
шашқа тиюі мәсіх ету болып саналады деп пәтуа
берген.
Аяттардың
кейбір мәселелерді анықтап, белгілі
шектеу қоймауында көптеген хикметтер бар.
31
Ислам ғылымхалы
Негізгі хикметі мен себебі, – дініміздің ақыл-ойға
берген еркіндігі мен бостандығында. Ұлы Жаратушымыз
құлдарының ақыл-ойын қолдануын қалайды. Құранда
көптеген аяттарда «Ақылға салмайсыңдар ма?» делініп,
мұсылмандарды
ойлануға, толғануға, ой
еркіндігіне
шақырады. Міне, сондықтан ғұламалар бір аяттан ақиқат
шеңберінде көптеген үкімдер шығарып, үкімдерін хади-
стермен қуаттаған.
Достарыңызбен бөлісу: