35
Ислам ғылымхалы
Аллаһтың даралығында, соңғы пайғамбардың Мұхаммед
екендігінде,
намаздың бес уақыттығында, парыз
намаздарының рәкат сандары секілді мәселелерде жал-
пылама алғанда мұсылмандар арасында еш талас-тартыс
жоқ. Барша мұсылмандардың бір көзқараста болған осын-
дай мәселелеріне қарсы шыққан адамға «сенікі дұрыс
емес» – деп айта аламыз. Бірақ
«Мухтәлафун фиһ»
,
яғни, мұсылмандардың әу бастан әр түрлі көзқараста
болған тармақ мәселелерінде белгілі бір көзқарасты
таңдаған адам екінші бір ханафи мәзһабын таңдаған
адамға «сендердікі дұрыс емес, тек қана біздікі дұрыс,
біздің жолымыз ақиқат, сендер адасып жүрсіңдер» – деп
айта алмайды. «Меніңше, менің таңдағаным, анағұрлым
дұрысырақ» деп қана айта алады. Өйткені,
барлық
мәзһабтың өзіндік шариғи дәлелдері болғандықтан, «тек
менікі ғана дұрыс» деу – мұсылмандар арасында бүлік
шығарып, өзара қырқысуларына әкеліп соғады.
Христиандар мен еврейлер – екеуі екі бөлек
халық, діндері де екі бөлек. Ғасырлар бойы бір-бірімен
шайқасып, қырқысып келген. Бірақ осындай діндері
де,
ұлттары да екі бөлек, бір-бірімен ғасырлар бойы
соғыса келген екі халық мұсылмандарға қарсы күресте
тарихтарындағы соғыстарын, бір-біріне деген бүкіл ыза-
кектерін ұмытып, бірігіп ынтымақтаса білді. Ал енді
мұсылмандардың болар-болмас тармақ мәселелерінде
қызыл кеңірдек болып,
бір-бірін ренжітіп, бүлік
шығаруларына не демекпіз?! Шындап келгенде, барлық
мұсылмандардың – Жаратушылары бір, Құрандары
– бір, Пайғамбарлары – бір, намаздары – бір, ораза-
зекеттері – бір, Қағба-құбылалары – бір, дұшпандары
– бір, осынша қыруар ортақ мәселелері бола тұра «на-
36
Ислам ғылымхалы
мазда қолыңды ханафи мәзһабы бойынша емес, біздікі
сияқты байла, құныт дұғасын олай емес, былай оқы» деу
сияқты маңызды емес түймедей мәселелерді түйедей
қылып, ала көзбен атып, «менің таңдаған көзқарасыммен
жүре қоймадың» деп, жүрегін ыза мен кекке бұқтыруы
қандай ағаттық десеңізші?! Құлшылықта негізгі мәселе
сыртқы формадан гөрі ішкі ықылас пен тереңдік екенін
ұмытпағынымыз абзал. Уақытымызды маңызсыз
нәрселерге кетірмей, тақуалыққа, көркем мінезді болуға,
Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат етуге, халқымыздың
иманына себеп болуға, жалпы Ислам әлемінің негізгі
мұқтаж нәрселеріне жұмсасақ қандай жақсы.
* * *
Достарыңызбен бөлісу: