295
Ораза ғибадаты
Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау.
Шариғат терминінде ораза – ұстауға күші жеткен адамның
ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін
оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір
уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның
парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.
Оразаның уақыты: Таңның атуынан күннің батуы-
на дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол
аймаққа ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты
негізге ала отырып ораза ұстайды. Аллаһ Құранда былай
дейді: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле)
ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны
кешке дейін ұстаңдар»276
309
. Мұнымен күн мен түннің
арасындағы шекараны айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
«Біләл түн уақытында азан оқиды, ибн Умми Мәктумның
азанына дейін ішіп-жеңдер»
310
. Яғни, Біләл сәресі үшін
ибн Мәктум болса таң намазы үшін азан оқитын.
Достарыңызбен бөлісу: