299
Ораза
Айтта
сезімдер өте жұмсап,
адам жаны қатты
жеңілдейді де, ақыл мен жүрек бір-бірімен қосылып
кетеді. Адам кейде осы
бір деңгейдегі өзгерістерге
қарап, қатты таңданады. Бәлкім, сол сәтте ол адамдық
құндылықтарды еске түсіргені үшін айттың қайта-қайта
келуін қалайтын да шығар...
Иә, айтты барлық иманды жандар іштей сезінеді.
Біздің өлкемізге аса нәзік, аса сүйкімді, аса тәтті болып
келеді. Мыңдаған жылдан бері қадірлі қонақтай келіп,
құт-берекесін шашып, мейірім-шапағатымен құшақтаған
айтты қашан да үйімізде, мешіт,
мінәжатхана мен
көшелерде көріп келген сәтте-ақ құшағымызды ашып
тұра жүгіреміз. Иә, айт әр келгенінде сана-сезімімізге
қатты әсер етіп, өзімізді құшағында тұрғандай сезінеміз.
Сонда біз оны бейне бір аңқыған жұпар иіс, тіл мен
тамағымыздағы ләззат, жүректе сезілген тәттілік, ой-
өрісімізге жаңа атқан таңдай сезіне кетеміз. Ол да күннің
әр сағатында бізге тілмен жеткізе алмайтын ғажайып
әуенін шарықтатып ала жөнеліп, айналасын баурап алып,
бәрімізді өзінің ақыреттік бағына қарай тартады. Ой-сана
мен қиял-әлемімізді ғаламат суреттермен безендіреді. Бір
күні алыстап кетсе де, ой-санамызда әсем түстердей сол
бір суреттер сақталып қала береді...».
Достарыңызбен бөлісу: