Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


махмуудәниллази уа’аттәһ. Иннәкә ләә тухлифул-



Pdf көрінісі
бет174/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   309
махмуудәниллази уа’аттәһ. Иннәкә ләә тухлифул-
ми’ад». 
Мағынасы: «Ей, мына толық азан мен оқылатын 
намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке арқау болуды, 
ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені бер! Және де 
оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» жеткіз. Сенің өз 
берген уәдеңді орындайтыныңа ешқандай күмән жоқ».


292
Ислам ғылымхалы
Намаз кестесі
Бамдат (таң) намазы
2 рәкат сүннет
2 рәкат парыз
Бесін намазы
4 рәкат сүннет
4 рәкат парыз
2 рәкат сүннет
Асыр (намаздыгер) намазы
4 рәкат сүннет (бекітілмеген сүннет)
4 рәкат парыз
Ақшам намазы
3 рәкат парыз
2 рәкат сүннет
Құптан намазы
4 рәкат сүннет (бекітілмеген сүннет)
4 рәкат парыз
2 рәкат сүннет
3 рәкат Үтір уәжіп намазы


293
ІІІ БӨЛІМ
ОРАЗА
«Ей, иман еткендер! Сендерге 
бұрынғыларға парыз тілгендей 
ораза парыз етілді»
«Бақара» сүресі
«Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен 
үшін доғарды. Ораза – Мені мен 
құлымның арасындағы ғибадат. 
Оған берілетін сыйды Мен ғана 
өлшеп, Мен ғана беремін. 
Аузы берік құлымның аштық пен 
сусындауынан шыққан ауыз исі Мен 
үшін миск әтірінен де тамаша»
Қудси хадис


294


295
Ораза ғибадаты
Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау. 
Шариғат терминінде ораза – ұстауға күші жеткен адамның 
ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін 
оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір 
уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның 
парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.
Оразаның уақыты: Таңның атуынан күннің батуы-
на дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол 
аймаққа ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты 
негізге ала отырып ораза ұстайды. Аллаһ Құранда былай 
дейді: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) 
ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны 
кешке дейін ұстаңдар»276
309
. Мұнымен күн мен түннің 
арасындағы шекараны айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
«Біләл түн уақытында азан оқиды, ибн Умми Мәктумның 
азанына дейін ішіп-жеңдер»
310
. Яғни, Біләл сәресі үшін 
ибн Мәктум болса таң намазы үшін азан оқитын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет