305
Ораза
қадам басады да, орта жолда болдырып, күдерін үзеді.
Кейде шыдамы таусылып, қолын бір-ақ сілтейді. Міне,
ораза жүйрік пойыздай жүйткіген ғұмырда асқақ арма-
нына асыққан адамның иығына сабырдан садақ асады.
Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп,
әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен
шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Аштық пен
құмарлық сезімге сабыр қылған, өзгеге де сабыр ете
алады. Бойдағы ашу мен жеңілдігіне сабыр-тізгінін
салып, жанарында ойлылық пайда бола бастайды. Бұл
ғұмырда нағыз сабыр – өз нәпсісін жеңе біліп, Аллаһ
Тағаланың ақ жолында жүруге бел байлау. Ақырет
әлеміндегі асқақ шыңнан көз айырмау. Оразаға төзе
білген өзге ғибадаттарға да шыдамдылық таныта алады.
Сабырлылық күшіне ие болған жан ғана, діттеген
мақсатына жете алады. Құранда жетпіске жуық аятта
сабыр мадақталған. Мысалы: «Аллаһ сабыр еткендер-
мен бірге», – дейді. «Аср» сүресінде де Аллаһ Тағала:
Достарыңызбен бөлісу: