Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет178/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
туралыққа бастайды. Яғни, негізгі рөл мен тізгінді ар-
ождан қолға алып, адам жаны рухани ләззатқа шомыла 
бастайды. Бәлкім, ол сонда ғана құмарлық сезімдердің 
татқан ләззатынан, рухани сезімдердің алған ләззаттары 
әлдеқайда басым екенін аңғарып, оның бұдан кейінгі бар 
арман-тілегі – толық адам шыңы бола бастайды. Толық 
адам шыңы – адамның Ұлы Жаратушы мінезіне ұқсауы. 
Яғни, рақымды, мейірімді, кешірімді болу секілді. Міне, 
оразаның осындай хикметтері бар.
Нәпсіні тәрбиелеп, жолға салуда аштық пен шөл 
өте үлкен рөл ойнайды. Бірақ бұл Аллаһ Тағала үшін 
болуы керек. Кісі өздігінен аш қалып, діттеген мақсатына 
жете алмайды. Өйткені, ораза – Аллаһ Тағалаға жаса-
латын ғибадат. Толық адам болу жолындағы барлық 
қадам Ұлы Жаратушы үшін арналуы керек. Қасиетті 
(қудси) хадисте Аллаһ Тағала: «Аузы берік адам ішіп-
жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның 
арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана 
өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен 
сусағандықтан шыққан ауыз исі мен үшін миск әтірінен 
де тамаша», – дейді.
3. Қоғамдық пайдасы
Оразаның аузы берік адамға ғана емес, сонымен 
қатар қоғамдық пайдалары бар. Ораза – елдегі дәулетті 
адам мен жоқ-жітік арасында байланыс жасайды. 
Көбінесе ауқатты адам жасынан өмірдің ауыр тіршілігін 
көріп, тауқыметін арқаламай өскендіктен, жанашырлық 
сезімнен мақұрым қалады. Қазақ «аш бала тоқ баламен 
ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» деп дәл 
тауып айтқан. 


303
Ораза
Жарықтық Абай атамыздың:
«Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы.
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы», – дегенінде үлкен 
мән жатқан жоқ па? Кейде адам байлыққа батқан соң, 
айналасын ұмыта бастайды. Бірте-бірте аңғалдықтың 
құрығына түседі. Осы сәтте оның өмірге деген көзқарасы 
өзгереді. Нәпсісі аттан салып, бойдағы жанашырлық 
сезімін тұншықтырып тастайды. Дәулетті адамы осын-
дай күй кешкен елден берекет кетеді. Бір мемлекетте 
өмір сүрсе де, бай басқа әлемде, тұрмысы нашар халық 
басқа бір әлемде жүреді. Мұндай қоғам ауыр дертке 
душар болып, елде жүйе бұзылады. Ауқатты адамдар қол 
астындағы жұмыс істеген адамдарына төбеден қарайды. 
Алауыздық осындайдан туады. Байлыққа мастанған 
қашан да бас пайдасын ойлайды. Мұндай кісі ешуақытта 
жоқ-жітіктің халін ұға да, сезе де алмайды.
Адам ораза ұстап, сәресіден кешке дейін аш қалғанда 
ғана айналасына басқаша қарай бастайды. Өйткені, ауыз 
бекіткен ол күні бойы аш қалмақ. Аш адамның бой-
ында тасыған нәпсі бірте-бірте әлсірейді де, жүректің 
тереңіндегі мейірім-шапағат сезімі оянады. Ол сонда 
ғана аштықтың қандай екенін аңғарады. Өзінің де жай 
ғана пенде екенін сезінеді. Ал оянған мейірім-шапағат 
жалпы адамзатқа, тіпті әлемге деген сүйіспеншілікті 
өзімен бірге ала келеді. Сонда әлгі кісі адам тұрмақ, жан-


304
Ислам ғылымхалы
жануарға да сүйспеншілікпен қарай бастайды. Рамазан 
айының – рақым айы болуының сыры да осында жатыр. 
Адам мен адамның, адам мен әлемнің арасында достық, 
махаббат байланысы құрылады. Міне, адамның бойында 
мейірім-шапағат туып, оны айналасына нұрлы шашу 
етуі – Ұлы Жаратушыға арнаған нағыз шүкірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет