358
Ислам ғылымхалы
2. Иелендіру (тамлик)
Зекет ғибадатының дұрыс болуының тағы бір шарты
– зекет есесін Құранда белгіленген адамдарға иелендіру
арқылы беру. Сондықтан дастарқан жайып, кедейлерге
тамақ беру зекет емес, жай ғана садақа ретінде есептеледі.
Өйткені, тамақтандыру кедейлердің тамақ жеулеріне
рұқсат қана болып, иелендіру деп есептелмейді.
Зекет кімдерге және қандай орындарға бері-
леді?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Маған зекет
бер» – деген адамға былай жауап берген:
«Ұлы Аллаһ зекеттің берілетін орындары жайында
пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай,
өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың
ішінде болсаң, саған есеңді беремін»
387
.
Иә, зекеттің берілетін орындарын Аллаһ Тағала
«Тәубе» сүресінің алпысыншы аятында тағайындап
білдіреді:
«Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедей-
кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға
тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат
Достарыңызбен бөлісу: