Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет205/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Зекет кімдерге парыз?
Зекеттің белгілі бір адамға парыз болуы үшін 
төмендегі шарттардың орындалуы тиіс.
1. Мұсылман болуы
Басқа ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да 
беруші адамның ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, 
азат мұсылман болуы шарт. Мұсылман мемлекетінде 
өмір сүретін басқа дінді ұстанушыларға және балиғат 
жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге 
зекет беру парыз емес.
Ханафи мәзһабынан тыс басқа мәзһабтарда балиғат 
жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместер-
380
Тәубе, 34-35.


351
Зекет
ге де зекет беру парыз. Олардың малдарының зекетін 
уалийлері береді.
381
2. Нисап көлеміне жететін немесе одан да 
көп байлыққа ие болу
Зекеттің парыз болуы үшін күнделікті тіршілікте 
қолданылатын негізгі қажеттер мен қарыздардан тыс, 
нисап көлеміне жететін байлыққа ие болуы керек. 
Нисап дегеніміз – зекетті парыз ететін белгілі байлық 
мөлшері.
Зекеті берілетін байлықтың түрлері мен 
зекет беруді парыз ететін нисап көлемі
1. Алтында: жиырма динар, яғни, 85 грамм
2. Күмісте: екі жүз дирһам, яғни, 595 грамм
3. Түйеде: бес
4. Сиырда: отыз
5. Қой мен ешкіде: қырық
6. Сауда заттарында: 85 грамм алтын немесе 595 
грамм күмістің құнына тең болса.
7. Ақшада: 85 грамм алтын немесе 595 грамм 
күмістің құнына тең болса
8. Бау-бақша және егіс өнімдері
Күнделікті тіршілікте қолданылатын 
негізгі қажеттерге нелер жатады?
1. Тұратын үйі, үй жиһаздары мен аспаптары;
2. Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер 
адамдарының аспаптары;
381
Уалий: оларға қарауға міндетті жақындары мен туған-
туыстары.


352
Ислам ғылымхалы
3. Өзі және әйелі, балаларына жететен бір айлық 
(басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері;
4. Өзі және отбасының киетін киімдері;
5. Дәрі-дәрмектер. Дінімізде денсаулықты сақтау 
парыз саналғандықтан отбасыға күтімге міндетті 
адамдарға қажетті дәрі-дәрмек, емхана қаржылары негізгі 
қажеттіліктерге саналып, олардан зекет алынбайды
6. Егістікпен шаруашылықпен айналысатын 
адамдардың трактор, комбайн сияқты құралдары мен 
аспаптарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен 
басқаларға жұмыс істеп, ақша табатын болса, тапқан 
ақшадан зекет алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет