Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Зекеті берілетін байлықтың өсімділігі



Pdf көрінісі
бет206/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

3. Зекеті берілетін байлықтың өсімділігі
Зекеті берілетін байлықтың өсімді болуы оларды 
күнделікті өмірде қажетімізге қолдану мақсатымен 
емес, иесіне кіріс кіргізу мақсатымен қолға ұсталуы. 
Мысалға, сауда заттарының сауда жасау арқылы, мал-
жануарлардың төлдеу арқылы, егіс, бау-бақшаның жеміс 
беру арқылы иесіне кіріс кіргізуі сияқты. Алтын, күміс, 
ақша, әшекей бұйымдармен сауда жасап, кіріс кіргізуі 
мақсат етілмесе де, олардан зекет беру парыз. Яғни, 
олардың өсімді болуы шарт емес.
4. Зекеті берілетін байлыққа бір жыл 
толуы
Зекеті берілетін байлыққа ай санауымен бір жыл 
толуы керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: 
«Бір жыл толмай байлыққа зекет берілмейді»
382
, – дейді. 
Бір жыл – зекеті бірілетін дүние, малдардың көбейіп, 
өсетін уақыты.
382
Әбу Дәәуд, Зекет, 5.


353
Зекет
Жыл толу мәселесінде Имам Әбу Ханифаның 
көзқарасына сүйенсек, зекеті берілетін байлық екіге 
бөлінеді.
а) Алтын, күміс, барлық ақша түрлері және жылдың 
көбінде қырда жайылатын малдар мен сауда заттары.
ә) Барлық егістік, бау-бақша өнімдері мен қазба 
байлықтар.
Бірінші бөлімдегі зекет берілетін заттар мен 
дүние-мүлік, малдардың зекеті берілу үшін толық бір 
жыл толуы шарт. Өйткені, малдардың төлдеп, сауда 
заттарының кіріс кіргізетін уақыты кем дегенде бір жыл. 
Ал екінші бөлімдегі зекеті берілетін дүниелердің зекеті 
берілуі үшін бір жыл толуы шарт емес. Өйткені, егіс 
пен бау-бақшадан бірнеше айда өнім алуға болады. Сол 
сияқты қазба байлықты бір жылда бірнеше рет алуға 
болатындықтан, бұларға нисап мөлшері мен бір жыл толу 
шарты қосылмайды. Ал Әбу Юсуп пен Мұхаммедтің бұл 
мәселедегі көзқарасына сүйенсек, шамамен бір тоннаға 
жетпейтін және қолда бір жыл сақтауға шыдамайтын егіс 
өнімдері мен жеміс-жидектерден зекет алынбайды.
Зекет парыз болу үшін ханафи мәзһабында нисап 
көлемі жылдың басында әрі жылдың аяғында толық 
болуы шарт. Мысалға, бір адам негізгі қажеттерінен 
тыс 100 грамм алтынға ие болса, бір жыл толғаннан 
кейін 50 грамға азайса, бұл адамға зекет беру парыз емес. 
Бірақ жылдың ортасында азайып, жылдың аяғында нисап 
көлеміне қайта жетсе, зекет беріледі. Мысалға, алты 
айдан кейін 50 грамға азайса, бірақ жылдың аяғында 120 
грамға шықса, жылдың басындағы 100 грамның немесе 
жылдың ортасындағы 50 грамның зекеті берілмей
жылдың аяғындағы 120 грамның зекеті беріледі.


354
Ислам ғылымхалы
Зекеті берілетін байлық, мал-дәулет бір жыл 
толғаннан кейін көбейіп өссе, көбейген бөлімінің зекеті 
дәл сол жылы берілмейді. Көбейген бөлімінің зекеті 
келесі жылы дәл сол уақытта беріледі. Мысалға, бір 
адамның қолында өткен жылғы Рамазан айының он 
бесінде 100 мың теңге болса, бұл көлем биылғы жылы 
Рамазан айының он бесіне дейін 140 мың теңгеге көбейіп, 
Рамазан айының жиырмасында 160 мыңға жетсе, 140 
мың теңгенің ғана зекеті сол жылы беріледі.
Зекеттің парыз болуы үшін малға бір жыл толуы 
керек дедік, бірақ пақыр кедей-кепшіктердің жағдайын 
ойлап, бір жыл толмай да зекет бере беруге болады. Бірақ 
бір жылда екі рет зекет берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет