399
Қажылық
Ихрамның уәжіптері
1. Ихрамға белгіленген
миқаттардың біреуінде
кіру.
2. Ихрамда тыйылған нәрселерді жасамау.
Миқат дегеніміз не?
Қажылыққа немесе умраға баратын адамдардың
ихрамға оранбай өтуге болмайтын жерлерге «миқат»
делінеді. Қасиетті Қағбаны қоршап тұрған мекендер
«Харам», «Хил», және «Әфақ» деп үш аумаққа бөлінеді.
Қажылық және умра ғибадатын орындауға келетін адам-
дар осы аумақтарға қарай ихрамға кіреді.
1. Харам аумағы
Жебірейіл періштенің көрсетуі арқылы Ибраһим
(а.с.) тарапынан белгіленіп, кейіннен Пайғамбарымыз
(с.а.у.) тарапынан қайтадан білдірілген, өсімдіктерінің
жұлынуына және аңдарының, жалпы жан-жануарларына
зиян тигізуге тыйым
салынған Мекке және оның
айналасындағы қасиетті мүбәрак жерлер «Харам аумағы»
делінеді.
Меккеліктер қажылыққа Харам аумағының ішінде
ихрамға кіреді. Ал, умра үшін Харам аумағының
сыртындағы Хил аумағына
ең жақын орналасқан
Тан’имға барып ихрамға кіреді.
2. Хил аумағы
Харам аумағы мен Миқат жерлерінің ортасындағы
мекен – Хил аумағы. Бұл аумақта тұратындар Харам
аумағының сыртынан өздерінің тұрып жатқан жерлерінен
ихрамға кіреді.