Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет233/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
3. Әфақ аумағы
Харам және Хил аумақтарының сыртындағы 
аумақтар – Әфақ аумағы. Әфақ аумағынан Харам 
аумағына немесе Меккеге келетіндердің ихрамсыз 
өтулеріне болмайтын бес жерді Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
миқат ретінде белгілеген.
Бұл бес миқат:
1. Мәдина жағымен баратындар үшін – 
«Зулхулайфә», Мәдина қаласына 10 км жақын. Қазір 
бұл жер – «Әбәр Али» деп аталады (Қазақстандықтар 
көбінесе осы жерден ихрамға кіреді).
2. Мысыр және Сирия тарапынан баратындар үшін 
– «Жухфа», Меккеден 187 км ұзақ.
3. Нәжд және Кувуейт тарапымен баратындар үшін 
– «Қарнул-Маназил», Меккеден 96 км ұзақ.
4. Йемен жағымен баратындар үшін – «Иаламлам», 
Меккеден 54 км ұзақ.
5. Ирак жағымен баратындар үшін – «Зәтул-ғирқ», 
Меккеден 94 км ұзақ.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадистерінде осы 
жерлерді миқат ретінде тағайындаған
411
. Міне, сондықтан 
қажылыққа немесе умраға баратын адам бұл жерлердің 
қайсысынан өтсе, сол жерден ихрамсыз өтуге болмайды. 
Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Ешкім миқаттан их-
рамсыз өтпесін»
, – деп бұйырған. Бұл жерлерге жетпес 
бұрын ихрамға кіріп алуға да болады.
Сырттан қажылық және умра үшін келгендер 
миқаттан ихрамсыз өтіп кеткен жағдайда, құрбан шалады 
немесе кері қайтып, миқатта ихрамға кіреді.
411
Бухари, 1/206.


401
Қажылық
Ихрамға кірген адамға тыйылған нәрселер
1. Ихрамға кірген адамның денесіне 
байланысты тыйымдар:
• Шашын, сақалын, мұртын алу немесе қысқарту
• Қолтықтың астындағы және жалпы денедегі 
түктерді қыру немесе қысқарту
• Тырнақ алу
• Шаш, сақал және мұртқа май жағу немесе бояу
• Әйелдердің боянулары (лак, далап, т.б.)
• Денеге немесе ихрамға хош иіс себу және иіс 
сабын қолдану


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет