407
Қажылық
Тағалаға деген сүйіспеншілікпен, тағзыммен жасалатын
ғибадат. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тауаптың намаз тәріздес
ғибадат екенін білдіреді:
«Байтуллаһтың
416
айналасында
тауап жасау – намаз оқу сияқты. Ерекшелігі тауапта
сөйлеуге болады, бірақ тауап жасап жүріп кім сөйлесе,
қайырлы сөз сөйлесін»
417
.
Қағбаның оңтүстік
жағындағы бұрышында
«Хажарул-Әсуәд» деп аталатын қасиетті қара тас бар.
Тауап осы қара тастың қарсысынан басталады. Қағбаны
жеті рет айналады. Әрбір айналымға «шаут» делінеді.
Жеті рет айналғанда, бір тауап толық бітті деп са-
налады.
Тауапта айналымдарды
бірінен кейін бірін
істеу шарт емес. Тауап толық бітпей жатып, ортасында
дәрет алып, намаз оқып, қайтадан айналуды одан әрі
жалғастыруға болады.
Тауап жасап жатқан уақытта парыз намаздары үшін
қамат айтылса, тауапты тоқтатып, жамағатпен бірге
намазға тұру керек. Қалған айналымдарды намаздан
кейін жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: