404
Ислам ғылымхалы
бұрын денені әтірлеу – сүннет. Айша анамыз мына
хадисті риуаят еткен:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға
кірерде мен оған ең жақсы әтірін жағатынмын»
414
.
Бірақ ихрамға кіріп қойғаннан кейін әтір жағуға бол-
майды.
7.
Ихрам намазы
Денені толық жуғаннан кейін немесе дәрет алғаннан
кейін, ихрамға кірместен бұрын,
екі рәкат намаз
оқылады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Зулхулайфада екі
рәкат намаз оқып, сосын ихрамға кіргені риуаят етіледі.
Бұл намаздың бірінші рәкатында – «Кафирун», екінші
рәкатында – «Ықылас» сүресін оқу сүннет.
Достарыңызбен бөлісу: