402
Ислам ғылымхалы
3. Харам аумағына байланысты тыйымдар:
Мекке қаласының және жан-жағындағы «Харам»
деп аталатын аумақтың аңдарын аулау, өсімдіктерін
жұлу немесе шабу ихрамды адамдарға да, ихрамсыз
адамдарға да харам.
4. Жалпы тыйымдар:
• Әйелімен
жыныстық қатынас жасау, сүйісу,
құшақтасу, жалпы нәпсіні қоздыратын барлық нәрселерді
істеу.
• Дінде харам болған істерді жасау.
• Мұсылман бауырымен таласу, ерегесіп, ұрысып,
төбелесу, жаман сөз айту, біреуді ренжіту. Аллаһ Тағала
Құранда былай дейді:
«Қажылық белгілі (Шәууал,
Зилқағда, Зилхижжаның алғашқы он күні) айларда.
Кімде-кім бұл айларда қажылықты міндеттенсе (мы-
наларды білсін!) әйелімен жақындасуға, күнә істеуге
және жанжалдасуға болмайды»
413
.
• Аң аулау.
Ихрамдағыға рұқсат істер
• Иіс сабын қолданбау шартымен жуыну
• Көлеңкеде отыру
немесе қолшатыр қолдану
• Дененің түктерін түсірмеу шартымен қасыну
• Сынған тырнақты түсіру
• Тіс пастасымен тіс жуу және көзге сүрме жағу
• Ихрам киімдерін
жуу немесе ауыстыру
• Жүзік, сырға, қол сағат қолдану
• Әтір сататын дүкенде отыру
• Гүлді
немесе жемісті иіскеу
413
Бақара, 2/197.
403
Қажылық
• Басын және жүзін жаппау шартымен денесін
көрпемен жабу
• Зияны тиетін жәндіктерді өлтіру
•
Белдік тағу, иыққа сөмке асу
Достарыңызбен бөлісу: