Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет243/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   309
Қажылықтың уәжіптері
Қажылық ғибадатында қажылықтың парыздары мен 
шарттарынан басқа уәжіп міндеттер бар. Қажылықта 
уәжіптерді шариғатта үзір саналатын себептерсіз 
тастау – тахриман мәкрүһ яғни, харамға жақын мәкрүһ. 
Қажылықтың парыздары орындалып, уәжіптері 
істелмеген жағдайда, қажылық дұрыс деп есептелінеді. 
Бірақ шариғатта үзір саналатын себептерден тыс, басқа 
себептермен уәжіптер орындалмай қалса, қажылықтың 
дұрыс болуы үшін әрбір орындалмаған уәжіп үшін жаза 
ретінде құрбан шалу керек. (Қажылықта және умрада 
істелетін кемшіліктер және өтелетін жазалар бөліміне 
қараңыз).
Істелмей қалған уәжіп қайтадан жасалған жағдайда 
жаза өтелмейді. Мысалы, тауаптың парызы саналатын 
төрт айналымды жасағаннан кейін, уәжіп үш айналымды 
жасамаса, орындалмаған әр айналым үшін жаза беру 
керек. Бірақ тауапты қайтадан толық жасаған жағдайда 
жаза өтелмейді.


415
Қажылық
Ханафи мәзһабында үзір саналатын 
себептер
Ауру, қатты кәрі болу, қатты әлсіз болу, талып 
қалу, әйелердің хайыз болуы сияқты самауи
422
себеп-
тер. Мысалға, Арафатта уақфа жасап жатқанда талып, 
құрбан айттан кейін оянған адамға, қажылықтың 
уәжіптерінен саналатын Муздәлифә уақфасын, шайтанға 
тас лақтыруды тәрк еткені үшін және шаш алғызуды 
немесе қысқартуды кешіктіргені үшін жаза өтеу қажет 
емес. Қажылығы дұрыс атқарылды деп есептеледі. 
Бірақ себептер адамдардың қалауымен болса, мысалға, 
бір қылмыс істеп, түрмеде тұтылса, орындай алмаған 
уәжіптері үшін жаза өтеу керек.
Муздәлифәда уақфа жасау
(қажылықтың бірінші уәжібі)
Муздәлифә – Арафат пен Минаның ортасында 
орналасқан жердің аты. Қажылықта Арафа күнінің 
құрбан айтқа қараған түнін толық Муздәлифәда өткізу 
– сүннет, уақфа (бір мезет ғибадат ниетімен тұру) жасау 
– уәжіп. Муздәлифәның «мұхассар» деген жерінен басқа 
барлық жерінде уақфа жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет