Қажылық «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу ла шәрика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа ‘ала кулли шайин қадир» – деу. Мағынасы:
«Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Ол – жалғыз, серігі жоқ. Барлық иелік оныкі және күллі мадақ оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді». 7. Ер кісілердің Сафа мен Мәруа жолында жасыл
белгілер орналастырылған екі діңгектің арасында адым-
дарын жиі-жиі алып, тез-тез жүрулері, бұған «һәруалә»
делінеді. Әйелдер һәруалә жасамайды.
8. Сағи жасау кезінде тәкбір, таһлил айтып, дұға
жасау.
Сағи қалай жасалады? Тауап жасағаннан кейін Сафа төбесіне барып,
Хажарул-Әсуәдке (қара тас) сәлем бергеннен кейін
қажылық болса қажылық сағиі үшін, умра болса умра
сағиі үшін ниет етеді.
(Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін Сафа және Мәруа төбелерінде жеті рет қажылық (немесе умра) сағиін жасауды ниет еттім. Бұны маған жеңілдет және менен қабыл ал!) Тәкбір, таһлилдермен
қоса зікір айтып, дұға жасап, Мәруа төбешігіне қарай
жүреді. Сафадан Мәруаға төрт рет бару және Мәруадан
Сафаға үш рет қайтумен сағиді аяқтайды. Ер кісілер
Сафа мен Мәруа жолындағы жасыл белгілер орнатылған
діңгектердің ортасында жиі-жиі қадамдармен жылдам-
жылдам жүреді. Жасыл белгілерден өткеннен кейін
ақырын жүреді. Әйел адамдар болса тез жүрмейді. Сағи
қажылық үшін бір рет, умра үшін бір рет жасалады. Нәпіл
сағи жасалмайды.
428
Ислам ғылымхалы Шаш алу немесе қысқарту (қажылықтың төртінші уәжібі) Шашты ұстарамен түгелдей алу немесе қайшымен
қысқарту – қажылық және умра уәжіптерінің біреуі. Аллаһ
Тағала Құран Кәрімде
«Одан кейін (шаштарыңды,