Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Қиран қажылығын орындайтындар



Pdf көрінісі
бет257/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Қиран қажылығын орындайтындар
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра және 
қажылық ғибадатын орындауды ниет еттім. Қажылық 
пен умраны маған жеңілдет және оларды менен қабыл 
ал»
– деп, қажылық пен умраға бірге ниет етеді. Сосын 
тәлбия айтады.
Ниет және тәлбия айту арқылы ихрамға кіреді. 
Ихрамға кіргеннен кейін ихрамда тыйылған барлық 
тыйымдар басталады. Қағбаға жеткенге дейін жол бойы 
тәлбия: 
«ЛәббайкАллаһумма ләббайк, ләббайка лә 
шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанниғмәтә ләкә 
уалмулка лә шәрика ләк»
және тәкбір: 
«Аллаһу әкбар, 
Аллаһу әкбар лә илаһә иллаллоһу уАллаһу әкбар, 
Аллаһу әкбар уә лиллаһилхамд»
және тәһлил: 
«Лә 
иләһә иллаллоһу уахдаһу лә шәрика ләк, ләһул-мулку 
уә ләһул-хамду уә һуа а’ла кулли шайин қадир» 
– 
дұғалары және Пайғамбарымызға салауат айтылады.
Әсіресе, жоғары шыққан уақытта, төмен түскен 
уақытта, басқа қажылармен кездескен уақытта
намаздардың соңында жалпы әр мүмкіншілікті осындай 
қасиетті зікірлерді айтумен өткізу керек.
Тәлбия қажылықта құрбан айттың бірінші күні 
Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) тас лақтыруды 


437
Қажылық
бастаған уақытта, умрада Мәсжидул-Харамның есігіне 
жеткен уақытта тоқтатылады.
Меккедегі тұратын үйіне немесе қонақ үйіне 
барғаннан кейін, мүмкіндік болса, ғұсыл болмаса 
дәрет алып, Мәсжидул-Харамға тәлбия айтып барады. 
Байтуллаһты (Қағбаны) көрісімен үш рет тәкбір және 
тәһлил айтып, дұға жасалады. Парыз намазы оқылып 
жатпаса, дереу тауапқа бастайды.
2. Тауап
Мәсжидул-Харамда тауап жасау «тахйиатул-
мәсжид» (мешітке сәлем беру) намазы ретінде 
жүргендіктен, егер парыз намазы оқылып жатпаса, дереу 
тауапты бастайды.
Ифрад қажылығында алғашқы жасалатын тауап – 
«қадум тауабы», ал тәматтуғ және қиран қажылығында 
болса – умра тауабы.
Ифрад қажылығын орындау үшін ихрамға кіргендер: 
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қадум тауабын жасау-
ды ниет еттім. Қадум тауабын маған жеңілдет және 
оны менен қабыл ал»
, – деп ниет етіп, тауапқа бастайды. 
Арафаттан қайтқаннан кейін зиярат тауабының арты-
нан жасалатын қажылық сағиін қадум тауабынан кейін 
де жасауға болады. Қадум тауабынан кейін жасалған 
жағдайда, зиярат тауабынан кейін жасалмайды. Егер 
қадум тауабынан кейін қажылық сағиін жасауды қаласа, 


438


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет