Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Арафаға қараған түнді Минада өткізу



Pdf көрінісі
бет255/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

3. Арафаға қараған түнді Минада өткізу
Қажылардың зилхижжаның 8-інші күні күн 
шыққаннан кейін Минаға қарай бет алып, сол күнгі бесін, 
430
Масжидул-Харам.


433
Қажылық
намаздыгер, ақшам, құптан және Арафа күнінің таң на-
мазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафатқа 
баруы – сүннет.
4. Құрбан айтқа қараған түнді 
Муздәлифәда өткізу
Арафа күні күн батқаннан кейін қажылардың Ара-
фаттан Муздәлифәға барып түнеп, таң намазынан кейін 
жарық түсе Минаға қарай жүрулері сүннет.
5. Айт күндерінде Минада қалу
Айт күндерінде яғни, зилхижжаның 10,11,12-інші 
күндері Минада қалып түнеу – Ханафи мәзһабында, 
сүннет, қалған мәзһабтарда – уәжіп.
Қажылық әдептері
1. Қажылық ғибадатын адал еңбекпен тапқан 
қаржымен орындау. Харам ақшамен орындалған 
қажылықпен парыз мойнынан түссе де, бұндай 
қажылықтың сауабы болмайды.
2. Мойнында кісі ақысы
431
болса өтеу, иелерімен 
халалдасу.
432
Уақыты келмеген қарыздарды өтеу шарт 
емес.
3. Қажылыққа рухани дайындалу. Қажылыққа 
бармас бұрын істеген күнәлары үшін шын жүрекпен тәубе 
етіп, қаза болған намаз, оразалары болса, мүмкіншілігіне 
қарай өтеу.
4. Қажылық ғибадатының қалай орындалатыны 
жайында білетіндерден толық сұрап, үйрену.
5. Қажылық ғибадатымен басқаларға мақтану
біреуге көрсету, паңдану сияқты сезімдер мен жаман 
431
Елдің қарыздары, жалпы адамдарға байланысты хақтар.
432
Кешірім сұрап, риза қылу.


434
Ислам ғылымхалы
пікірлерден сақтанып, әрқашан кішіпейіл, ықыласты 
болу.
6. Жақсы адамдармен қажылыққа бірге бару.
7. Жолға шығарда және үйге қайтар кезде екі рәкат 
намаз оқу
8. Бос уақыттарды зікір, дұға, тәсбих, салауат 
айтып, Құран оқып өткізу.


435


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет