442
Ислам ғылымхалы
Ифрад қажылығын орындаушылар Үлкен шайтан
тасқа (Ақаба жәмрасына)
тас лақтырғаннан кейін,
ал, тәматтуғ және қиран қажылығын орындаушылар
құрбандарын шалған соң, шаштарын алғызып немесе
қысқартып ихрамнан шығады. Ихрамда харам болған
нәрселердің бәрі қайтадан халал болады.
Тек қана
әйелдерімен барғандар зиярат тауабын жасағанға дейін
жыныстық қатынас жасай алмайды.
Ихрамнан шыққаннан кейін, Меккеге барып зиярат
тауабы жасалады. Бұл тауап былай жасалады: Жақсылап
дәрет алып, бар ықыласпен Мәсжидул-Харамға қарай
зікір айтып, баяу жүріспен барады. Ер кісілер тауап-
ты бастамас бұрын ридаларын (дененің үстіңгі жағына
оралатын ихрам матасы) оң қолтықтарының астынан
өткізіп, сол иықтарының үстінен тарта орайды. Риданы
бұлай орауды «Изтиба» дейді. Әйелдер изтиба істемейді.
Тауапқа байланысты осы әзірліктерді істегеннен кейін
«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін зиярат тауабын
жасауды ниет еттім. Зиярат тауабын маған жеңіл ет
және менен қабыл ал»
–
деп ниет етеп, Рукнул-Йәмани
жағынан қара тастың алдына барады. Мүмкіндік болса,
тәкбір және таһлил айтып, қара тасты сүйеді. Ал егер
мүмкін болмаса, қолмен ишарат етіп, сәлемдеседі. Қара
тастың орналасқан бұрышында тауаптың басталатын
жерін білдіретін қоңыр сызық бар. Міне, осы сызықтың
тұсынан тауап басталады. Егер тауап бұл сызықтың
яғни, қара тастың дәл қарсысынан емес кішкене алдыңғы
жағынан басталынған жағдайда айналым толық болмай
қалады. Қағбаны сол жағына алып, оң жағымен тау-
апты бастайды. Әр айналымның басында қара тасқа
сәлем береді. Барлық айналымдарда Рукнул-Йәмәни
443
Қажылық
мен Рукнул-хажарул-әсуәдтің
арасында мына дұға
оқылады:
َو .ِراَّنلا باَذَع اَنِق َو ًةَن َس َح ِِةَر ِخلآا يِف َو ًةَنَس َح اَيْنُّدلا يِف اَنِتآ اَنَّبَر{
} َنيِمَلاَعْلا َّبَر اَي ,ُراَّفَغ اَي ُزيِزَع اَي ,ِراَرْبلأا َعَم َةَّن َجْلااَنْل ِخْدأ
Достарыңызбен бөлісу: