Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет254/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Қажылық сүннеттері
Қажылықтың парыздары, уәжіптері сияқты 
сүннеттері де бар. Сүннеттерді орындау – үлкен сауапты 
іс. Ал, себепсіз орындамау – мәкрүһ. Бірақ істелмеген 
жағдайда жаза талап етілмейді. Қажылық ғибадатының 
қалай атқарылатынын Пайғамбарымыз (с.а.у.) іс жүзінде 
көрсеткен және 
«Қажылық мәнасиктерін
428
менен 
үйреніңдер, менің істегенім сияқты істеңдер»
429
, – деп 
бұйырған. Міне, сондықтан кәміл қажылық сүннеттердің 
де қалдырылмай толық орындалуы арқылы жүзеге 
аспақ. Қажылықтың сүннеттері «негізгі сүннеттер» 
және «тармақ сүннеттер» болып екіге бөлінеді. Тармақ 
сүннеттер қажылықтың парыздары мен уәжіптеріне бай-
ланысты болғандықтан, қажылықтың парыздары мен 
уәжіптерімен бірге қарастырылды. Қазір қажылықтың 
негізгі сүннеттерін ғана жазамыз.
428
Қажылықтың арнайы амалдары.
429
Муслим, 2/943.


432
Ислам ғылымхалы
1. Қадум тауабы
Қадум (араб тілінде) – бару, жету сияқты 
мағыналарды білдіреді. Қадум тауабы – Меккеге келген 
уақытта Қағбаға сәлем ретінде жасалатын алғашқы 
тауап. Миқат шекараларының сыртынан келетін ифрад 
және қиран қажылықтарын орындайтын қажылар үшін 
қадум тауабы – сүннет.
Умра немесе тамматуғ қажылығын орындайтын-
дар, миқат шекарасының ішінде тұратындар, ифрад 
қажылығын орындаушысы бола тұра Меккеге келме-
стен Арафат тауына шыққандар, хайыз, нифас сияқты 
жағдайларға байланысты бұл тауапты жасай алмай 
Арафатқа шыққан әйелдер қадум тауабын кейін жаса-
майды.
Қадум тауабы Меккеге келген уақыттан бастап, Ара-
фатта уақфа жасағанға дейінгі уақыт аралығында жасала-
ды. Қадум тауабы зиярат тауабы сияқты орындалады.
2. Қажылық хұтпалары
Қажылықта үш жерде хұтпа оқылу – сүннет. 
Біріншісі, Арафа күнінен бір күн бұрын Харам-Шәріфте
430
бесін намазынан кейін, екіншісі, Арафа күні түстен кейін 
Нәмира мешітінде намаздыгер уақытында қосылып
бірге оқылатын бесін және намаздыгер намаздарынан 
бұрын, үшіншісі, айттың екінші күні бесін намазынан 
бұрын Минада «Масжидул-Хайфада» оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет