444
Ислам ғылымхалы
өткізу Ханафи мәзһабында – сүннет, ал басқа мәзһабтарда
– уәжіп.
4. Құрбанның екінші, үшінші және
төртінші күндері
(зилхижжаның 11,12,13-інші күндері)
Құрбан айттың екінші және үшінші күндері күн
тас төбеден ауғаннан кейін бірінші, Кішкентай, екінші,
Орта, сосын Үлкен шайтан тастарға жеті-жетіден тас
лақтырады. Кішкентей және Орта шайтан тастарға тас
лақтырып болғаннан кейін дұға жасалады. Үлкен шайтан
тасқа тас лақтырған соң дұға жасамай, дереу ол жерден
кетеді. Құрбан айттың екінші және үшінші күндері күн
тас төбеден аумай шайтан тастарға тас лақтырмайды.
Құрбан айттың төртінші күні шайтан тастарға тас
лақтырмайтындар (бұл күні лақтыру абзал, бірақ уәжіп
емес) төртінші күні таң атпай Минадан қайтулары шарт.
Әйтпесе, төртінші күні де тас лақтырулары уәжіп боп
қалады.
Айттың төртінші күні де Минада қалғандар үш
шайтан тастың әрқайсысына жеті-жетіден тас лақтырып,
Меккеге қайтады.
Миқат шекараларының сыртынан келгендер Мекке-
ден шығар кезде қоштасу тауабын жасайды. Бірақ одан
да бұрын жасауларына болады. Егер бұрын жасалып
қойса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес.
Қоштасу тауабын жасағаннан кейін Қағбаға барып, намаз
оқып, нәпіл тауап жасауға болады. Бұндай жағдайда ең
соңғы жасаған нәпіл тауабы – уадағ (қоштасу) тауабы
деп есептеледі. Хайыз
және нифас жағдайындағы
әйелдер қоштасу (уадағ) тауабын жасамайды. Мәсжидул-
Харамның
есігіне дейін барып,
Қағбамен қоштасып
445
Қажылық
қайтады. Ибну Аббас бұл турасында «Әйел адам хайыз
жағдайында болса, қоштасу (уадағ) тауабын жасамастан
жолға шығуына рұқсат етілді»
439
, – деп риуаят еткен.
Міне, осылайша қажылық амалдары тәмамдалады.
Умра ғибадаты
Умра (араб тілінде) – зиярат ету деген мағынаны
білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы –
белгілі бір уақыттан тыс жылдың кез-келген уақытында
ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты
алғызып немесе қысқартып, ихрамнан шығу жолдарымен
атқарылатын ғибадат.
Достарыңызбен бөлісу: