62
Ислам ғылымхалы
Сүннет және мәндүп ғұсыл
1. Айт намазы мен жұма намазынан бұрын.
Пайғамбарымыз хадисте:
«Жұма намазға келетін адам
ғұсыл алсын»
40
, – дейді. Пайғамбарымыздың жұма күні
ғұсыл еттірудегі мақсаты – адамның тер мен кірден
арылып, таза болуын қалауы. Басқа хадистерінде
Пайғамбарымыз жұма күні ғұсыл етіп, жақсы, таза киім
киюді және әтір (спиртсіз) сеуіп, тістерін тазалап келуін
насихаттайды
41
.
2. Қажылық немесе умра үшін ихрамға кіргенде
3. Арафат күні Арафатқа тұрарда
4. Күн мен ай тұтылғанда оқылатын намаз бен
жауын тілеу намазы үшін ғұсыл ету – мәндүп.
5. Мүбәрак түндерде, ақыл-есі орнына келгенде,
өлікті жуған және қан алдырған адамның жуынуы –
мәндүп.
6. Үзір қанынан айыққан әйелдің жуынуы
7. Сапардан оралған, жаңа киім киген адамның
жуынуы
8. Күнәға тәубе ету үшін жуыну
Достарыңызбен бөлісу: