Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет38/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«жеңілдік қағидасына»
байланысты өтеуінің қажеті 
жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі – үш күн. Ең көбі – он 
күн. Бұдан азды-көпті болса «үзір қаны» деп саналады. 
Хайыз қаны – Аллаһтың әйелдерге жазғаны. Хазіреті 
Хауа анамыздан бастап әрбір әйел хайыз көре келген. 


69
Тазалық
Пайғамбарымыз: 
«Бұл хайыз Аллаһ Тағаланың Адамның 
қыз ұрпақтарына жазған нәрсесі»
, – дейді
58
.
Нифас
Нифас – әйел адам босанғаннан кейін пайда бола-
тын қан. Мұның белгілі бір мерзімі жоқ. Ханафилер 
бойынша, нифастың ең ұзақ уақыты – қырық күн. Умми 
Сәлама былай дейді: 
«Нифасты әйел Аллаһ Елшісі (с.а.у.) 
заманында қырық күн, қырық түн күтетін»
59
. Нифас 
мерзімінде нифас қаны кейбір күндері тыйылып, сосын 
қайта жалғасса тыйылған бұл күндер де нифас күндері 
болып саналады.
Хайыз бен нифас қандары тоқтаған кезде, ғұсыл 
алу қажет. Аллаһ Тағала былай дейді: 
«(Мұхаммед) 
олар сенен етеккір жайында сұрайды. Оларға: Ол 
жиіркенішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдеріңнен алыс 
тұрыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. 
Қашан олар толық тазарса, оларға Аллаһтың өздеріңе 
бұйырған жерінен жақындасыңдар де»
60

Әйелдер мұндай кездерде намаз оқи алмайды. Ораза 
да ұстай алмайды. Бірақ оразаның қазасын кейін өтейді. 
Қажылық кезінде Қағбаны тауап ете алмайды
61
. Құран 
оқи алмайды. Пайғамбарымыз: 
«Хайыз, жүніп болған 
әйел Құран оқи алмайды»
, – дейді
62
. Ханафилер бойын-
ша, мұндай кезде әйелдер Құранды жатқа дұға ниетінде 
58
Бухари, Хайыз. 1,7.
59
Әбу Дәәуд, Таһарат, 119.
60
Бақара, 2/222.
61
Бухари, Хайыз.20.
62
Тирмизи, Таһарат,98


70
Ислам ғылымхалы
оқуына болады
63
. Сол секілді мешітке де кірулеріне бол-
майды. Бір хадисте былай айтылған: 
«Ешқандай хайыз 
әйел, жүніп кісі мешітке кіре алмайды»
64
. Етеккір кезінде 
жыныстық қатынас та жасай алмайды. Аятта былай ай-
тылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет