Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет34/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ғұсыл парыздары
Құранда ғұсылдың парыз болуы айтылады: 
«Егер 
жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар»
42
. Бұл 
аяттағы 
«тазаланыңдар»
сөзі, дененің жуылуының 
парыз екендігін көрсетеді. Басқа бір аятта былай-
40
Бухари, Жұма; 2,5.
41
Муслим. 7.26-27.
42
Маида, 5/6.


63
Тазалық
ша берілген: 
«Тазаланбастан, жүніп күйінде намаз 
оқымаңдар»
43
.
Пайғамбарымыздың қалай ғұсыл алатынын Хазіреті 
Айша жеткізеді: 
«Аллаһ Елшісі жүніп болған кезде, ал-
дымен қолдарын жуумен бастайтын. Сосын оң қолымен 
сол қолына су төгіп, ұятты жерлерін жуып, арты-
нан дәрет алатын. Одан кейін су алып, саусақтарымен 
шаштарының түбіне дейін сулайтын. Сосын басына үш 
рет су құйып, одан кейін денесіне су құятын. Ең соңынан 
аяқтарын жуатын»
44
.
Ханафи мәзһабынша ғұсылдың парызы – 
үшеу
1. Ауызды сумен шаю (мадмада). Ауызды сумен 
шайғанда, тамаққа дейін апарған абзал.
2. Мұрынға (кеңсірікке дейін) су тарту 
(Истиншақ).
3. Тұтастай тұла бойын сумен жуу. Яғни, шаш пен 
сақалдың түбіне, құлақ пен кіндіктің ойығына түгелдей су 
тиюі тиіс. Пайғамбарымыз былай дейді: 
«Әрбір шаштың 
түбінде жүніптік бар. Сондықтан шаштарыңды 
жуыңдар. Денені де жақсылап тазалаңдар»
45
.
Ислам дінінде тазалыққа қандай маңыз берілсе, 
жеңілдікке де соншалық маңыз берілген. Сол себепті 
ханафи мәзһабында, қиындық келтіретін жағдайда ғұсыл 
құйынатын әйелдердің өрген шаштарын ашып жуғаны 
қажет емес. Тек қана өрілген ұзын шаштардың түбіне 
су барса, жетіп жатыр. Бұған Умми Сәламаның мына 
43
Ниса, 4/43.
44
Муслим, Хайыз, 58; Әбу Дәәуд, Таһарат, 120.
45
Тирмизи, Таһарат/, 77.


64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет