65
Тазалық
амандасуға да, әңгімелесуге де болады. Хазіреті Хузәйфә
сахаба былай дейді:
«Аллаһ Елшісі сахабаларымен кез-
дескенде қол алып амандасатын. Жақсы тілек, бата
беретін. Бір күні таңғы уақытта Аллаһ Елшісін көрдім.
Бірақ көрмей қалған адамдай бұрылдым да, басқа жаққа
қарай кетіп қалдым. Кейіннен сәске кезінде қайтадан
алдына бардым. Сонда Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған қарап:
«Мен сені көрген едім, бірақ сен дереу бұрылып кетіп
қалдың. Неліктен бұлай жасадың?», – деп сұрады.
«Пайғамбарым, мен ол кезде жүніп едім. Менімен
қол алысып амандасуыңнан қорқып, бұрылып кетіп
қалдым», – дедім. Аллаһ Елшісі сонда: «Мұсылман
ешқашан лас болмайды» деп жауап қатты»
50
.
Ғұсыл құйынған адамның дәреті де болады. Яғни,
жекелей дәрет алудың қажеті жоқ. Өйткені, ғұсыл алған
адам барлық мүшесін жуады. Дәреттің парыздары да
соның ішіне кірмейтін бе еді?! Бұған байланысты Хазіреті
Айша айтады:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ғұсыл құйынып,
таң намазының сүннеті мен парызын оқитын. Оның
ғұсылдан кейін дәрет алғаны есімде жоқ»
51
.
Достарыңызбен бөлісу: