Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Сабыр  мен намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Бірақ



Pdf көрінісі
бет55/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Сабыр 
мен намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Бірақ 
бұл Аллаһтан қорыққандардан өзгеге қашан да ауыр 
келмек»
111
.
110
Насаи, Ишаратун-Ниса, 1.
111
Бақара, 2/45.


102
Ислам ғылымхалы
Намаз – адам баласының тән тазалығы мен жан 
тазалығы. Рух азығы мен ар азығы. Адам намаз арқылы 
Ұлы Жаратушыға тағзым етіп, өзінің пендешілігіне тәубе 
етеді.
Иман
Иман – ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ 
нәтижесі мен ар-ожданның құба-құптаған жемісі. 
Иман – адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін 
ғажайып тылсым қазына. 
Ұлы Жаратушы әу баста 
адамды айналасына қарап Ұлы Иесін тапсын, танысын, 
иман етсін, Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының, 
шеберлігінің алдында таңғалып бас исін деп мына дүниеге 
жіберген. Демек, иман – адамның жаратылуының мән-
мағынасы, мына дүниеге жіберілуіндегі асыл мақсұты. 
Міне, адамның жаратылуының негізгі мақсұты Ұлы 
Иесін табу болғандықтан, оған басқа жаратылыстар-
дан ерекшелендіріп «ақыл-ой, сана» берілген. Ұлы Жа-
ратушы айналамызды қоршаған мына жалпы ғаламды 
Өзін танытатын ғажайып алып кітап іспетті жаратқан. 
Ондағы әрбір жаратылыс оқи білген адам үшін өз бол-
мысымен, бойында мөрленген ғажайып нақыштарымен 
Ұлы Ұстасын меңзеп тұр. Адам осы ғалам деген кітаптың 
сырын түсініп оқи білсе, онда сөзсіз Ұлы Иесін тапқаны. 
Сондықтан, Аллаһ Тағала соңғы пайғамбар Мұхаммедке 
(с.а.у.) түсірген алғашқы аятта: 
«Иқра...»
яғни, 
«Оқы! 
Жаратқан Раббыңның атымен»,
– деп көз алдымыздағы 
осы жаратылыс кітабын оқуды бұйырған.


103
Намаз
Төбеміздегі бас айналдырар таңғажайып, үйлесімді 
жүйемен тұрған сансыз жымыңдаған жұлдыздар мен 
жан-жағымызды қоршап жатқан мың бір мағына-
хикметке толы жалпы жаратылыс және адамның өзі – 
Ұлы Жаратушымызды танытатын ерекше үлкен кітап. 
Аспан әлемінің әрбір қабаты – бұл үлкен кітаптың жеке-
жеке беттері, әрбір галактика – сол беттегі жеке-жеке 
мағыналы сөйлем, сол галактикалардағы әрбір жұлдыз 
– том-том кітаптарға пара-пар мағыналы жарық сөз. Жер 
шары бұл үлкен кітаптың мазмұнын қамтитын негізгі беті 
болса, адам баласы сол беттің негізгі мазмұн-мағынасы. 
Барлығы Ұлы Жаратушы Аллаһты өз болмысымен таны-
тып, Оның бар екендігін һәм бір екендігін күллі әлемге 
әйгілеп тұр.
Жалпы жаратылысқа қарағанымызда ондағы әр 
нәрсенің орын-орнында тұрғанын, әрқайсысы өзіндік 
мән-мағынамен безендірілгенін және оған белгілі бір 
міндет жүктелгенін көреміз. Әр нәрседен сұлулық
кемелдік, жүйелілік байқаймыз. Жалпы жаратылыс сағат 
сияқты керемет есеппен, нәзік жүйемен істеп тұр. Тіпті 
біздер сағатымызды осы жалпы жаратылыстағы жүйеге 
қарай есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет