101
Намаз
үйінен орын алуы ықтимал. Енді біреулер билікке қол
жеткізсем деп, көкпен таласқан шыңға қарай күллі
өмірін сарп етеді. Енді жеттім дегенде не өлім мұны
қуып жетеді, не шыққан шыңының оңай емес екенін,
оның жерден қарағанда әлдеқайда суық екенін, кез-
келген сәтте найзағай-найзаның ұшына шаншыла кету
ықтималы
бар екенін аңғарып, үлкен
дертке душар
болмақ. Қысқасы, фәни ғұмырдың фәни бетіне қараған
беті ешқашан адамның жан-дүниесіне рақат әкелмейді.
Ал намаз оқыған адамның әрбір іс-әрекеті Аллаһ үшін
болғандықтан, қалған жиырма үш сағаты да Аллаһ үшін
саналып, күллі өмірі құт-берекеге айналмақ. Өйткені,
намаз оқушы –
ғұмырға неге келгенін ұғынып, өз
міндетін қалтқысыз атқаруға тырысып, фәниде өзін «жат
жұрттық» санап, мәңгілік бақыт мекені мен өзін сүйіп
жаратқан Ұлы Жаратушысына қарай аса сағынышпен
қадам басқан адам. Сондықтан ақырғы Пайғамбар (с.а.у.):
«Намаз – көзімнің нұры»
,
110
– дейді.
Намазда қажылық та бар.
Мұсылмандар намаз
оқыған кезде құбылаға қарап тұрады. Яғни, өзін бейне
бір Қағбаның алдында күллі мұсылманмен бірге намазға
тұрғандай сезініп,
Ұлы Жаратушыға мойынсұнып,
жүрекпен терең тағзым етеді.
Намаз –
адамды Жаратушы Жаппар Иеге
жақындатады. Рух пен ерікті күшейтеді. Адамды сабыр
мен шүкірге үйретеді. Құранда былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: