Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет82/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

 
«Субхана раббиял-’азим»
(Аса үлкен Раббым күллі 
кемістік атаулыдан пәк).
175
Хаж, 22/77.
176
Бухари, Азан, 120.145.
177
Дөндерен, 245.


147
Намаз
5. Сәжде
Сәжде сөздікте – бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен 
иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді. Сәжде 
– намаздың парызы. Сәждеде маңдай, жүз, екі аяқ пен 
екі қол, екі тізе жерге немесе жермен жалғасқан бір 
нәрсеге қойылады. Сәжде әрбір рәкатта – екі рет жаса-
лады. Құранда оның парыз болуы туралы: 
«Ей, иман 
еткендер! Рүкүғ пен сәжде жасаңдар»
178
– делінеді. 
Нағыз сәжде – жеті мүшемен жасалған сәжде. Жүз, екі 
қол, екі тізе және екі аяқ. Аллаһ Елшісі былай дейді: 
«Мен жеті сүйекпен сәжде етуге әмір етілдім. Бұлар: 
маңдай (қолымен мұрнына ишарат жасады), екі қол, 
екі тізе және екі аяқ»
179
.
Сәждеде маңдай жерге қойылып, мұрын қойылмаса 
да, дұрыс деп есептеледі. Мұндай сәжде себепсіз болса, 
мәкрүһ. Имам Ағзам бойынша, ешқандай себепсіз 
маңдай жерге тимей тек қана мұрын тисе де, ол сәжде 
дұрыс деп саналады. Екі имам бойынша, маңдай 
себепсіз тимесе, сәжде дұрыс болмайды. Егер маңдай 
мен мұрында сәждеге кедергі жасайтын себеп шықса, 
сәжде ишарат, белгімен жасалады. Сәждеде екі қол мен 
тізені толықтай жерге тигізу – сүннет. Бірақ екі аяқтың 
немесе бір аяқтың саусақтары жерге тимесе, сәжде дұрыс 
емес. Бұл – парыз. Бір аяқтың бір саусағын ғана жерге 
қою немесе аяқтың үстін ғана жерге тигізу жеткіліксіз. 
Сол секілді сәжде етілетін жер аяқ қойылған жерден он 
екі саусақтай өлшемнен биік тұрса (шамамен 23 см), 
сәжде саналмайды. Бірақ одан төмен дұрыс. Бір мешітте 
адамның көптігінен немесе бір себептермен адамдар бір-
178
Хаж, 22/77.
179
Бухари, Азан, 133-134; Муслим, Салат, 226-227.


148
Ислам ғылымхалы
бірінің арқасына сәжде ете алады. Хазіреті Омардың: 
«Тар жерде адамдар бір-бірінің арқасына сәжде етсін»
180
– деген сөзі бар.
Бір адамның киімінің таза жерге түскен артығының 
үстіне сәжде ете алады. Бірақ сәждеде қаттылық сезілу 
қажет. Сондықтан мақта, қар, т.б. қаттылығы сезілмейтін 
жұмсақ нәрсенің үстіне сәжде етілмейді. Сол сияқты 
күннің ыстығы мен суығы секілді себептерге байла-
нысты таза жерге қойылған екі қолдың үстіне сәжде 
жасауға болады. Мұндай жағдайда сәлде немесе киімінің 
артығына да сәжде жасай алады.
Рүкүғ пен сәждеде, рүкүғ пен сәжде дұғаларын бір 
рет оқитындай уақыт тұру жеткілікті. Бұл жерде үш рет 
тәсбих оқитындай уақыт тұру парыз емес. Бірақ рүкүғ 
пен сәждеде сүннет бойынша, ең аз дегенде үш рет 
тәсбих оқу керек. Намазды жеке оқыған адам, одан да 
көп тәсбих оқуына болады. Сәждеде оқылатын тәсбих:
} ىَل ْعَلاا َيِّبَر ناحْب ُس {


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет