араб тілінде орындалады. Әр ұлт өз тілінде
орындаса жеңіл болмас па еді?
Намазда мұсылмандардың Құран Кәрімнен сүрелер
оқуға міндеттілігі бәрімізге белгілі. Мұсылмандардың өз
тілдеріне, жергілікті жеріне қарамастан сонау Мұхаммед
(с.а.у.) пайғамбар заманынан бұлжымай, заңдасқан бұл
қағида келешекте де дәл осылай жалғаса бере ме?
Ең алғашында кез-келген адам үшін ана тілінде
құлшылығын орындау – әрі жеңіл, әрі орынды көрінері
171
Бухари, Таксир, 19; Әбу Дәәуд, Салат, 68, 175.
172
ДИА, 144.
143
Намаз
рас. Алайда, мәселені егжей-тегжейлі қарастырар болсақ,
кең көлемді түсінікке қол жеткізеріміз анық.
Ең алдымен тілек-дұға мен намаздың ара жігін
ажыратып алған жөн. Намаздан тыс жасалатын тілектер
мен дұғаларда мұсылман кісіге ішкі тілегі мен мұң-
мұқтажын қай тілде айтып жеткізем десе де, бұған
тыйым салынбаған.
Өйткені, бұл Жаратушы мен құл арасындағы жеке
мәселеге қатысты. Ал намаз болса, ол жалпыға, жамағатқа
тән құлшылық болғандықтан, намазға қосылатын басқа
да мұсылмандардың қажет тілектерімен санасу керек.
Негізінен намаз жамағатпен оқылуға тиіс. Бірақ жалғыз
оқуға да рұқсат етілген.
Егер Ислам діні қандай да бір белгілі бір аймақтың яки
белгілі бір ұлттың діні болса, онда ешқандай күмәнсіз сол
аймақтағы сол ұлттың ғана тілі қолданылар еді. Алайда,
төрткүл дүниеге тараған, бір-бірін түсінбейтін қаншама
ұлт өкілдеріне ортақ діннің өзіндік ерекшеліктері мен
қасиеттері болмақ.
Айталық, қытайша білмейтін қазақ Қытайға барса,
көшеден шыққан қытайша дауыстар естісе де оны түсіне
алмай, соның кесірінен азанның оқылғанынан бейхабар
жұма намазын қазаға ұшыратып алуы мүмкін. (Қытайдағы
мешіттер мұнараларымен ерекшеленбейді). Сондай-ақ,
Қазақстанға келген басқа ұлттар да мұсылмандардың өз
тілінде орындап жатқан ғибадаттарынан ештеңе ұқпасы
анық. Олай болса, мұндай жалпы әлемдік діннің өзіндік
ортақ жақтары, ортақ тұстары болу заңды. Бұл тұста
азан мен қырағаттың орны ерекше екені кімге де болса
мәлім.
144
Достарыңызбен бөлісу: |