А. М. Касенова. Стандарттау



Pdf көрінісі
бет12/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   184
тарауСтандарттау 
15
қорғау бойынша жүргізілетін шараларды дамыту және жетілдіру 
мақсатында 1995 жылғы 22 маусымда Министрлер Кабинеті № 
864 «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізілетін 
жүмыстардың белсенділігін арттыру туралы» Қаулы қабылдады. 
Осы қаулыға сәйкес түтынушылардың құқықтарын қорғау 
мәселесі бойынша заң жобаларының жэне түтынушылардың 
қүқықтарын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нор- 
мативтік қүжаттардың тізімі бекітілді. Осы қаулы жергілікті 
әкімшілік басшыларына түтынушылардың қүқықтарын қорғауды 
күшейту мақсатында бөлшек сауда жүйесіндегі мемлекеттік 
кәсіпорын үшін алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік жэне азық- 
түлікке жатпайтын тауарлардың міндетті тізімін бекіту қүзыретін 
жүктеді. Аталған атқару органдары сауданың, қоғамдық тамақтану 
жэне халыққа қызмет көрсету саласындағы жекешелендірілген 
кәсіпорындарының «Түтынушылардың қүқықтарын қорғау тура­
лы» Заңына сәйкес жүмыс істеуін жүйелі түрде тексеріп отырды.
Түтынушылардың 
құқықтарын 
қорғау 
саласындағы 
нормалардың ішінде маңызды роль атқаратын «Түтынушылардың 
қүқықтарын қорғау туралы» Заңда, түтынушылардың қүқықтары 
мен оларды жүзеге асыру механизмі осы Заңмен және Қазақстан 
Республикасының осы заңға сәйкес шығарылған басқа да заң ак- 
тілерімен реттеледі деп көрсетілген.
Заңдар 
нормаларының 
кодекстердің 
нормаларымен 
алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер 
енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Бір деңгейдегі нормативтік қүқықтық актілердің нормаларын- 
да қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген 
актінің нормалары қолданылады.
Енді келесі маңызды мэселе, осы заңнаманы дұрыс түсіну, 
эрі қолдану үшін біз, түтынушы деген кім екенін жэне оның басқа 
субъектілермен қатынасқа түсу жағдайын анықтап алуымыз керек. 
Заңға сәйкес түтынушы - жеке өзі түтыну немесе өзі жеке меншік 
шаруашылықта пайдалану мақсатында тауар сатып алатын жэне 
жүмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат.
Аталмыш анықтамадан көріп отырғанымыздай түтынушыға 
үш талап қойылады.


16 Стандарттау, сертификаттау жзне метрология негіздері
Оның біріншісі жеке өзі тұтыну жэне пайдалану мақсатында 
тауар сатып алу, ягни тауар пайда табумен байланысты емес жеке 
қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан «Тұтынушылардың 
қүқықтарын қорғау туралы» Заң азаматтар арасындағы жеке 
тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты 
қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтар болсақ, азаматтардың 
тауарды, жұмыс пен қызметті кәсіпкерлік қызмет үшін, яғни 
пайда табу мақсатында жэне негізгі қызмет қажеттіліктерін не 
өз жүмысшыларының әлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерін 
қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін 
қатынастар қатарына жатпайды.
Түтынушыға қойылатын екінші талап - ол міндетті түрде жеке 
тұлға болуы тиіс. Ал заңнамаға сәйкес, жеке түлғаға Қазақстан 
Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ 
түлғалар жатады, эрі Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағына 
сәйкес, шетелдік жеке түлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ 
адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азамат­
тары мен заңды түлғалары үшін қандай қүқықтар мен міндеттер 
көзделсе, нақ сондай қүқықтарға ие болуға құқылы жэне сон- 
дай міндеттерді орындауға міндетті. Ал занды түлғалардың тау­
ар алу кезіндегі бүзылған құқықтары жалпы заңнама нормалары 
арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды түлғалардың 
мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер жэне тағы 
басқалармен) қорғалатындығымен, ал түтынушыға ешкім мүндай 
көмек көрсетпейтіндігімен түсіндіруге болады.
Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы 
өнімді пайдаланатын адам да, сонымен бірге тауарды алуга ниет 
білдірген адам датүтынушы болып есептеледі. Яғни, адам сатушы- 
дан тауарды көрсетуді жэне ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен 
бастап тұтынушы болып есептеледі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын үйымдардың болуы 
бүгінгі қоғамымызда өте маңызды жэне олардың осы салада ала­
тын орны да зор. Өйткені кез келген түтынушы, тіпті ол қүқықтық 
жағынан сауатты болса да үйымның моральдық қолдауынсыз өз 
қүқыгын қоргай отырып, сот тартысын бастай да, жеңе де алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет